Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп әкімшілігі Украинаға көмекті 99 пайызға қысқартты – New York Times

© Sputnik / Наталья СеливерстоваОфициальная резиденция президента США
Официальная резиденция президента США - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2026
Жазылу
АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі Украинаға көрсетілетін қаржылық және әскери көмекті 99%-ға қысқартқан, деп жаздыNew York Times газеті.
"Трамп әкімшілігі Ресейдің көңілін табуға тырысып, Украинаға көмекті 99 пайызға азайтты", - деп жазды басылым.
Сонымен қатар газет Владимир Зеленский жауап ретінде Вашингтоннан біртіндеп алыстауға бағытталған қадамдар жасай бастағанын атап өтті. Қарым-қатынастың нашарлауына АҚШ пен Иран арасындағы шиеленістің күшеюі себеп болғаны айтылады.
Бұған дейін Трамп Зеленскийдің қақтығысты аяқтауға құлықсыз екенін бірнеше рет айтып, наразылық білдірген.
Жыл басынан бері Ресей мен Украина делегациялары АҚШ-тың қатысуымен келіссөздің үш раундын өткізді. Соңғы кездесу 17-18 ақпанда Женевада ұйымдастырылды.
Жаңалықтар
0