https://sputnik.kz/20260512/regbiden-qazaqstannyn-ayelder-quramasy-aziya-chempionatynyn-kumis-zhuldegeri-atandy-63338229.html
Регбиден Қазақстанның әйелдер құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Регбиден Қазақстанның әйелдер құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Sputnik Қазақстан
Екінші орын тағдыры шешілген кездесуде жерлестеріміз Гонконг құрамасымен шеберлік байқасты 12.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-12T08:51+0500
2026-05-12T08:51+0500
2026-05-12T08:51+0500
министрлік
алматы
чемпионат
https://sputnik.kz/img/07ea/05/0c/63337925_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_d0180b764417b40e8d6d3cd554a7d8ba.jpg
АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлады туризм және спорт министрлігі.Алматыда өткен регби-15-тен Asia Rugby Emirates Women’s Championship турнирінде Қазақстан әйелдер құрамасы күміс жүлдеге ие болды. Екінші орын тағдыры шешілген кездесуде жерлестеріміз Гонконг құрамасымен шеберлік байқасты.Ал алтын жүлдені Жапония құрамасы мерзімінен бұрын қамтамасыз етті. Күншығыс елінің өкілдері Қазақстан командасын 64:12 есебімен, ал Гонконг құрамасын 72:12 есебімен жеңген болатын.Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы өз жерімізде өткен Азия чемпионатында жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетіп, құрлықтағы үздік командалардың бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл жетістік еліміздегі әйелдер регбиінің қарқынды дамып келе жатқанын аңғартады.
https://sputnik.kz/20260406/qazaqstandyq-gimnast-mysyrdagy-alem-kubogynyn-kumis-zhuldegeri-atandy-62447034.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/05/0c/63337925_71:0:1210:854_1920x0_80_0_0_7732512bf7f070b91a04f6474f58c83a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министрлік, алматы, чемпионат
министрлік, алматы, чемпионат
Регбиден Қазақстанның әйелдер құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Екінші орын тағдыры шешілген кездесуде жерлестеріміз Гонконг құрамасымен шеберлік байқасты
АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлады туризм және спорт министрлігі.
Алматыда өткен регби-15-тен Asia Rugby Emirates Women’s Championship турнирінде Қазақстан әйелдер құрамасы күміс жүлдеге ие болды. Екінші орын тағдыры шешілген кездесуде жерлестеріміз Гонконг құрамасымен шеберлік байқасты.
"Аса тартысты өткен матчта екі команда да жеңіс үшін бар күшін салды. Кездесу 26:26 есебімен тең аяқталғанымен, қосымша көрсеткіштер бойынша Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды", - деп жазылған хабарламада.
Ал алтын жүлдені Жапония құрамасы мерзімінен бұрын қамтамасыз етті. Күншығыс елінің өкілдері Қазақстан командасын 64:12 есебімен, ал Гонконг құрамасын 72:12 есебімен жеңген болатын.
Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы өз жерімізде өткен Азия чемпионатында жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетіп, құрлықтағы үздік командалардың бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл жетістік еліміздегі әйелдер регбиінің қарқынды дамып келе жатқанын аңғартады.