"ҚазанФорумға" 100-ден астам елдің өкілдері жиналды

© Sputnik / Эльмира Касымова"ҚазанФорум" логотипі
ҚазанФорум логотипі  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2026
Жазылу
"ҚазанФорумның" алғашқы күні ең ірі сауда жәрмеңкесі — "Қазан Адал Маркеттің" ашылуымен басталды
АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Қазан қаласында "Ресей – Ислам әлемі: ҚазанФорум" халықаралық экономикалық форумы ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Форумға 100-ден астам ел мен Ресейдің 61 өңірінің өкілдері қатысады деп жоспарланып отыр.
© Sputnik / Эльмира Касымова"ҚазанФорум" логотипі
Логотип КазаньФорум - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2026
"ҚазанФорум" логотипі
Іс-шара аясында кең ауқымды іскерлік бағдарлама әзірленген. Оның ішінде үкіметаралық комиссиялар, бизнес-диалогтар, жобалар көрмелері және Ресей мен Ислам әлемі арасындағы халықаралық ынтымақтастық көрмесі бар. Жалпы 150-ден астам іс-шара ұйымдастырылады.
Сонымен қатар форум күндері жыл сайынғы "Ресей – Ислам әлемі" стратегиялық көзқарас тобының отырысы, ИЫҰ елдерінің ұлттық банктер съезі, жылжымайтын мүлік көрмесі, әдепті сән фестивалі, Ресейдегі елшілермен кездесу және басқа да көптеген іс-шара өтеді.
Форум Қазан қаласының Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесін алуы аясында өтіп жатыр.
"ҚазанФорумның" алғашқы күні ең ірі сауда жәрмеңкесі — "Қазан Адал Маркеттің" ашылуымен басталды.
Жаңалықтар
0