Маркетплейстер алдымен отандық тауарларды ұсынуға міндеттеледі

© Sputnik / Евгения Новоженина / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2026
Жазылу
АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Қазақстанда жасалған тауарларға қатысты талапты сауда желілері ғана емес, онлайн-платформалар да орындауға міндеттеледі. Бұл туралы сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы Айжан Бижанова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазіргі кезде тиісті заңнамалық түзетулер мүдделі мемлекеттік органдардың қарауына жіберілді. Оған сәйкес, маркетплейстер іздеу нәтижелері бойынша алдымен қазақстандық өнімдерді көрсетуге және "Қазақстанда жасалған" арнайы бөлімдерін құруға міндеттеледі.
Ал министрлік талаптардың сақталуына бақылауды күшейтеді. Заңнама талаптарының бұзылуы туралы шағымдар жоспардан тыс тексерулер жүргізуге негіз бола алады.
"Отандық тауарлардың сауда желілеріне қолжетімділігін шектеу, нұсқамаларды орындамау және жеткізушілермен жұмыс талаптарын бұзу фактілері үшін айыппұл қарастырылған", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Бұдан бөлек, жаңа заңнамалық өзгерістер әзірленіп жатыр. Атап айтқанда, "өнімсіз делдал" ұғымын енгізу, сауда кедергілеріне бақылауды күшейту және бос сауда орындары болған жағдайда отандық өндірушілерге сауда алаңдарына қолжетімділік беруді міндеттеу жоспарланған.
Жаңалықтар
0