Алматы облысында оқушы мұғалімді соққыға жықты

© Sputnik / Табылды КадырбековКулак, иллюстративное фото
Кулак, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2026
Жазылу
Жасөспірім заңды өкілдерімен бірге дереу полицияға жеткізілген
АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылында оқушы мұғалімді аяусыз соққыға жықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Онда жоғарғы сынып оқушысы мұғалімді аяусыз ұрып жатқаны түсіп қалған. Оқиға мектепте болған.
Полицияның айтуынша, оқиға биыл 16 қаңтарда болған.

"Кәмелетке толмағанның ер адамға дене жарақатын салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 16 қаңтарда сағат 09:00 Шамалған ауылындағы орта мектептердің бірінде кәмелетке толмаған мен ер адам арасында жанжал болған. Жасөспірім ер адамға дене жарақатын салған", - дейді Алматы облыстық полиция департаментінде.

Жасөспірім заңды өкілдерімен бірге дереу полицияға жеткізілген. Тергеу жүріп жатыр.
Жұдырық - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.05.2026
Таразда оқушылар қатарласын жаппай соққыға жыққан
Жаңалықтар
0