https://sputnik.kz/20260511/zhyl-basynan-beri-sqo-ga-koshi-qon-bagdarlamasy-boyynsha-400-otbasy-bardy-63328045.html
Жыл басынан бері СҚО-ға көші-қон бағдарламасы бойынша 400 отбасы барды
Жыл басынан бері СҚО-ға көші-қон бағдарламасы бойынша 400 отбасы барды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 мамыр-Sputnik. Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысына көші-қон бағдарламасы бойынша 400 отбасы көшіп барды, деп хабарлайды 24.kz.Оларға... 11.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-11T14:30+0500
2026-05-11T14:30+0500
2026-05-11T14:30+0500
отбасы
https://sputnik.kz/img/07e6/07/0c/26083216_0:101:1944:1195_1920x0_80_0_0_f4bb539e3e563a42e14a998e682d902e.jpg
АСТАНА, 11 мамыр-Sputnik. Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысына көші-қон бағдарламасы бойынша 400 отбасы көшіп барды, деп хабарлайды 24.kz.Оларға мемлекет тарапынан көтермеақы төленіп, баспана алуға "Экономикалық ұтқырлық сертификаты" беріледі. Қаржы көлемі биыл 7 млн теңгеге дейін ұлғайтылды. Павел Корнилов былтыр жанұясымен Талдықорғаннан Петропавлға көшіп келді. Көші–қон бағдарламасы бойынша әр адамға төленетін субсидиядан бөлек, баспанаға 7 млн теңге алған. Өңірге көшіп келген әр адамға 300 мың теңге бір реттік төлемақы беріледі. Сонымен қатар биыл тұрғын үй сатып алуға берілетін қаржы да ұлғайды. "Былтырғы жылы сертификат құны 4 млн 500 мың болатын. Сонымен қатар ол 4,5 млн теңгені әр көшіп келген адам өз қалтасынан шығару керек еді. Сонда жалпы саны 9 млн. теңгеге үй алуға болатын еді. Биылғы жылдың ерекшелігі 7 млн теңге үкіметтен төленеді. Егер үйдің құнына жетіп тұрса, көшіп келген адам өз қалтасынан төлемесе болады", - дейді СҚО бойынша еңбек мобильділігі орталығының директоры Нұрлан Биболаев.Биыл Солтүстік Қазақстан облысына 3020 қоныс аударушы мен қандас көшіп келеді деп жоспарланып отыр. Қазір жылдық жоспардың 60 пайызы орындалған.
https://sputnik.kz/20250108/qazaqstan-aymaqtary-2025-zhyly-qansha-qandas-qabyldaydy-49828186.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/0c/26083216_108:0:1836:1296_1920x0_80_0_0_cb244a5d93c8027070196dae17498ad1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
отбасы
Жыл басынан бері СҚО-ға көші-қон бағдарламасы бойынша 400 отбасы барды
АСТАНА, 11 мамыр-Sputnik. Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысына көші-қон бағдарламасы бойынша 400 отбасы көшіп барды, деп хабарлайды
24.kz.Оларға мемлекет тарапынан көтермеақы төленіп, баспана алуға "Экономикалық ұтқырлық сертификаты" беріледі. Қаржы көлемі биыл 7 млн теңгеге дейін ұлғайтылды.
Павел Корнилов былтыр жанұясымен Талдықорғаннан Петропавлға көшіп келді. Көші–қон бағдарламасы бойынша әр адамға төленетін субсидиядан бөлек, баспанаға 7 млн теңге алған.
"Көшіп келген кезде пәтер жалдап тұрдық. Оның төлемі мемлекет есебінен жасалды. Содан кейін "Экономикалық ұтқырлық сертификатын" алдық. Оның үстіне жинаған қаражатымызды қосып, ипотекаға 3 бөлмелі пәтер сатып алдық", - дейді ол.
Өңірге көшіп келген әр адамға 300 мың теңге бір реттік төлемақы беріледі. Сонымен қатар биыл тұрғын үй сатып алуға берілетін қаржы да ұлғайды.
"Былтырғы жылы сертификат құны 4 млн 500 мың болатын. Сонымен қатар ол 4,5 млн теңгені әр көшіп келген адам өз қалтасынан шығару керек еді. Сонда жалпы саны 9 млн. теңгеге үй алуға болатын еді. Биылғы жылдың ерекшелігі 7 млн теңге үкіметтен төленеді. Егер үйдің құнына жетіп тұрса, көшіп келген адам өз қалтасынан төлемесе болады", - дейді СҚО бойынша еңбек мобильділігі орталығының директоры Нұрлан Биболаев.
Биыл Солтүстік Қазақстан облысына 3020 қоныс аударушы мен қандас көшіп келеді деп жоспарланып отыр. Қазір жылдық жоспардың 60 пайызы орындалған.