https://sputnik.kz/20260511/turkistanda-102-shaqyrym-bolatyn-tort-zholaqty-zamanaui-avtozhol-salynyp-zhatyr-63321496.html
Түркістанда 102 шақырым болатын төрт жолақты заманауи автожол салынып жатыр
Түркістанда 102 шақырым болатын төрт жолақты заманауи автожол салынып жатыр
Sputnik Қазақстан
Жоба Сарыағаш қаласындағы көлік жүктемесін азайтып, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы транзиттік ағынның қозғалысын жеделдетуге бағытталған 11.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-11T10:32+0500
2026-05-11T10:32+0500
2026-05-11T10:32+0500
көлік
түркістан облысы
автожол
https://sputnik.kz/img/07ea/05/0b/63321736_0:85:642:446_1920x0_80_0_0_3c90333c07255641ab4658b418ef6a51.jpg
АСТАНА, 11 мамыр-Sputnik. Көлік министрлігінің басшылығы Түркістан облысына жұмыс сапары аясында бірқатар стратегиялық инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысымен танысты. Атап айтқанда, "Дарбаза – Мақтаарал" теміржол желісінің құрылысы және Сарыағаш қаласының айналма автомобиль жолын салу жобалары бойынша көшпелі кеңес өткізілді. Бұл жоба Сарыағаш станциясына түсетін жүктемені 40 пайызға дейін төмендетуге ықпал етеді. Нысанды 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Бұдан бөлек министрлік басшылығы Сарыағаш қаласының айналма автомобиль жолы құрылысының барысын тексерді. Құрылыс жұмыстары өткен айда басталған. Жоба Сарыағаш қаласындағы көлік жүктемесін азайтып, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы транзиттік ағынның қозғалысын жеделдетуге бағытталған. Көшпелі кеңес қорытындысы бойынша министрлік басшылығы жауапты ұйымдарға нақты тапсырма беріп, жобаларды сапалы әрі белгіленген мерзімде іске асыруды қамтамасыз етуді тапсырды.
https://sputnik.kz/20260423/qazaqstanda-tort-zhylda-5-myn-shaqyrym-temirzhol-salynady-62892629.html
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/05/0b/63321736_0:25:642:507_1920x0_80_0_0_a240a8d2681f7e1b2a8cbc2a19724469.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көлік, түркістан облысы, автожол
көлік, түркістан облысы, автожол
Түркістанда 102 шақырым болатын төрт жолақты заманауи автожол салынып жатыр
Жоба Сарыағаш қаласындағы көлік жүктемесін азайтып, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы транзиттік ағынның қозғалысын жеделдетуге бағытталған
АСТАНА, 11 мамыр-Sputnik. Көлік министрлігінің басшылығы Түркістан облысына жұмыс сапары аясында бірқатар стратегиялық инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысымен танысты.
Атап айтқанда, "Дарбаза – Мақтаарал" теміржол желісінің құрылысы және Сарыағаш қаласының айналма автомобиль жолын салу жобалары бойынша көшпелі кеңес өткізілді.
"Қазіргі таңда Қазақстанның оңтүстігіндегі көлік-логистикалық әлеуетті арттыруда маңызды рөл атқаратын "Дарбаза – Мақтаарал" теміржол желісінің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Ұзындығы 152 шақырымды құрайтын жаңа теміржол желісі Ресей мен Қытайдан Орталық Азия елдеріне бағытталған транзиттік тасымалдарды дамытуға мүмкіндік береді", - дейді Көлік министрлігі.
Бұл жоба Сарыағаш станциясына түсетін жүктемені 40 пайызға дейін төмендетуге ықпал етеді. Нысанды 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек министрлік басшылығы Сарыағаш қаласының айналма автомобиль жолы құрылысының барысын тексерді. Құрылыс жұмыстары өткен айда басталған. Жоба Сарыағаш қаласындағы көлік жүктемесін азайтып, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы транзиттік ағынның қозғалысын жеделдетуге бағытталған.
"Жоба аясында ұзындығы 102 шақырым болатын I-а техникалық санаттағы төрт жолақты заманауи автожол салынады. Автожол халықаралық стандарттарға сәйкес жобаланған және қауіпсіз әрі үздіксіз қозғалысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
Көшпелі кеңес қорытындысы бойынша министрлік басшылығы жауапты ұйымдарға нақты тапсырма беріп, жобаларды сапалы әрі белгіленген мерзімде іске асыруды қамтамасыз етуді тапсырды.