https://sputnik.kz/20260511/toqaev-braziliya-prezidentin-qazaqstanga-shaqyrdy-63335106.html
Тоқаев Бразилия президентін Қазақстанға шақырды
Тоқаев Бразилия президентін Қазақстанға шақырды
Sputnik Қазақстан
Мауро Виейра Қазақстанға Бразилия Президентінің арнайы тапсырмасы бойынша келгенін жеткізді 11.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-11T18:48+0500
2026-05-11T18:48+0500
2026-05-11T18:50+0500
президент
бразилия
сыртқы істер министрлігі
https://sputnik.kz/img/07ea/05/0b/63335083_0:66:1280:786_1920x0_80_0_0_37471d78491de7a85ee7aef5dd8fbce2.jpg
АСТАНА, 11 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Бразилияның Сыртқы істер министрі Мауро Виейраны қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия Қазақстанның Латын Америкасындағы басты серіктестерінің бірі екенін айтты.Мемлекет басшысы Президент Лула да Сильваға ізгі сәлемі мен ыстық ықыласын жолдап, елімізге сапармен келуге шақырды.Мауро Виейра Қазақстанға Бразилия Президентінің арнайы тапсырмасы бойынша келгенін жеткізді. Оның айтуынша, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі кеңейтудің әлеуеті зор.Қазақстан Президенті мен Бразилия Сыртқы істер министрі энергетика, тау-кен металлургия кешені, ауыл шаруашылығы, инновация және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету перспективасын талқылады.Мемлекет басшысы халықаралық қауіпсіздік, ядролық қарусыздану және жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау мәселелерінде өзара күш біріктірудің маңызына тоқталды. Бұдан бөлек, БҰҰ және оның құрылымдарын реформалау жайы, сондай-ақ Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі ахуал қарастырылды.Кездесуде еліміз ядролық қаруды таратпау бойынша халықаралық аренада зор сенімге ие екені айтылды. Сонымен қатар елімізде ядролық материалдарды қауіпсіз пайдалануға қажетті инфрақұрылым, сарапшылық және ғылыми-техникалық база қалыптасқан.МАГАТЭ-нің аз байытылған уранды сақтайтын әлемдегі жалғыз банкі Қазақстан аумағында орналасқан.Мемлекет басшысы еліміз ізгі ниет таныта отырып, Ирандағы ядролық проблематиканың шешілуіне септігін тигізуге дайын екенін мәлімдеді. Ол үшін тиісті халықаралық уағдаластыққа қол жеткізіліп, аталған мәселе нақты іске ұласуы қажет.
https://sputnik.kz/20260511/toqaev-ukimetke-otandyq-tauar-ondirushilerdi-qoldaudy-tapsyrdy-63326512.html
бразилия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/05/0b/63335083_73:0:1208:851_1920x0_80_0_0_6826e2876074565fd5b5256c70e451e7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, бразилия, сыртқы істер министрлігі
президент, бразилия, сыртқы істер министрлігі
Тоқаев Бразилия президентін Қазақстанға шақырды
18:48 11.05.2026 (жаңартылды: 18:50 11.05.2026) Мауро Виейра Қазақстанға Бразилия Президентінің арнайы тапсырмасы бойынша келгенін жеткізді
АСТАНА, 11 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Бразилияның Сыртқы істер министрі Мауро Виейраны қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия Қазақстанның Латын Америкасындағы басты серіктестерінің бірі екенін айтты.
"Сіздің Қазақстанға сапарыңыз дер кезінде ұйымдастырылып отыр. Бұл екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға тың серпін беретініне сенімдімін. Елдеріміз арасындағы сан қырлы ынтымақтастық дәйекті түрде дамып келе жатыр. Сізбен бірге үлкен іскерлік делегация келді. Бұл Қазақстанмен ықпалдастықты ілгерілетуге аса жауапкершілікпен қарайтындарыңызды көрсетеді", – деді президент.
Мемлекет басшысы Президент Лула да Сильваға ізгі сәлемі мен ыстық ықыласын жолдап, елімізге сапармен келуге шақырды.
Мауро Виейра Қазақстанға Бразилия Президентінің арнайы тапсырмасы бойынша келгенін жеткізді. Оның айтуынша, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі кеңейтудің әлеуеті зор.
Қазақстан Президенті мен Бразилия Сыртқы істер министрі энергетика, тау-кен металлургия кешені, ауыл шаруашылығы, инновация және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету перспективасын талқылады.
Мемлекет басшысы халықаралық қауіпсіздік, ядролық қарусыздану және жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау мәселелерінде өзара күш біріктірудің маңызына тоқталды. Бұдан бөлек, БҰҰ және оның құрылымдарын реформалау жайы, сондай-ақ Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі ахуал қарастырылды.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның атом қуатын МАГАТЭ бақылауымен тек бейбіт мақсатта пайдалануға бейіл екенін растады", - деп хабарлады Ақорда.
Кездесуде еліміз ядролық қаруды таратпау бойынша халықаралық аренада зор сенімге ие екені айтылды. Сонымен қатар елімізде ядролық материалдарды қауіпсіз пайдалануға қажетті инфрақұрылым, сарапшылық және ғылыми-техникалық база қалыптасқан.
МАГАТЭ-нің аз байытылған уранды сақтайтын әлемдегі жалғыз банкі Қазақстан аумағында орналасқан.
Мемлекет басшысы еліміз ізгі ниет таныта отырып, Ирандағы ядролық проблематиканың шешілуіне септігін тигізуге дайын екенін мәлімдеді. Ол үшін тиісті халықаралық уағдаластыққа қол жеткізіліп, аталған мәселе нақты іске ұласуы қажет.