Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Еуроодақ Ресейге қарсы санкцияларды кеңейтті

© Sputnik / Алексей ВитвицкийЕуроодақ
Еуроодақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2026
Жазылу
Жаңартылған тізімге негізінен ресейлік балалар лагерлері мен әскери-патриоттық тәрбие ұйымдары, сондай-ақ осы саламен байланысты аймақтық лауазымды тұлғалар кірді
АСТАНА, 11 мамыр – Sputnik. Еуроодақ Кеңесі жариялаған құжатқа сәйкес, Еуропалық Одақ Ресейге қарсы санкциялар тізіміне 16 жеке тұлға мен жеті заңды тұлғаны қосты, деп хабарлады РИА Новости.
Жаңартылған тізімге негізінен ресейлік балалар лагерлері мен әскери-патриоттық тәрбие ұйымдары, сондай-ақ осы саламен байланысты аймақтық лауазымды тұлғалар кірді.
Ұйымдарға Бүкілресейлік "Смена" балалар орталығы, Бердянскідегі "Қызыл қалампыр" лагері және Евпаториядағы "Патриот" клубы кірді.
Жеке тұлғалардың арасында Запорожье облысының жастар саясаты министрі Егор Логунов, Ресей Федерациясы оқу-ағарту департаменті директорының орынбасары Анастасия Аккуратова, "Корсунь" балалар орталығының директоры Евгения Гриченкова, Севастополь қаласының жастар істері басқармасының басшысы Марина Слонченко және басқа да лауазымды тұлғалар бар.
Жалпы биыл 23 сәуірде Еуропалық Одақ елдері Ресейге қарсы санкциялардың 20-шы пакетін қабылдады.
Ресей бірнеше жыл бұрын Батыстың Ресейге көрсете бастаған және әлі де күшейе түскен санкциялық қысымға төтеп беретінін бірнеше рет мәлімдеді.
Еуропарламент нышаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Еуродепутат Ресейге қарсы жаңа санкциялар туралы айтты
Жаңалықтар
0