Армения ЕАЭО мен Еуроодақ арасында таңдау жасайды – Мирзоян

© Sputnik / Санат ИмангалиевАрмения сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян
Армения сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2026
Жазылу
АСТАНА, 11 мамыр – Sputnik. Армения Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) мүшесі болып қала береді және ұйымдағы қызметін жалғастырып жатыр. Алайда уақыты келгенде, Ереван ЕАЭО мен Еуропалық одақ (ЕО) арасында таңдау жасайды, деп мәлімдеді елдің сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян.
Министр осылайша Ресей президенті Владимир Путиннің Арменияның сыртқы саяси бағытына қатысты тезірек шешім қабылдау жөніндегі ұсынысына пікір білдірді.
"Біз әрдайым айтып жүрміз: Армения ЕАЭО мен ЕО арасында таңдау жасайтын сәт туғанда, біз, әрине, сол таңдауды жасаймыз... Қазіргі таңда біз ЕАЭО мүшесіміз және одақтағы қызметімізді жалғастырып келеміз. Сонымен қатар Армения халқының Еуропаға ұмтылып жатқаны да жасырын емес. Шешім қабылдайтын уақыт келгенде, біз оны қабылдаймыз", – деп армениялық news.am басылымы министрдің сөзінен үзінді келтірді.
Мирзоян сондай-ақ, "біз ЕАЭС мүшесіміз, ешкім бізге "ертең шығыңдар" деп айтқан жоқ", – деп атап өтті.
Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Арменияның Еуроодаққа қатысты жоспарын ЕАЭО-ның келесі саммитінде талқылауды ұсынған болатын.
Жаңалықтар
0