https://sputnik.kz/20260509/bayqonyrda-zhenis-parady-otti--63296999.html
Байқоңырда Жеңіс парады өтті
Байқоңырда Жеңіс парады өтті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 9 мамыр – Sputnik. Байқоңыр қаласында 9 мамыр - Жеңіс күніне арналған парад өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 09.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-09T17:35+0500
2026-05-09T17:35+0500
2026-05-09T17:37+0500
байқоңыр
9 мамыр – жеңіс күні
https://sputnik.kz/img/07ea/05/09/63294849_0:161:3070:1888_1920x0_80_0_0_f331220387bdaa0e856b5ca680523d1c.jpg
АСТАНА, 9 мамыр – Sputnik. Байқоңыр қаласында 9 мамыр - Жеңіс күніне арналған парад өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Қаладағы мерекелік шаралар Жеңіс ескерткішінен басталды. Сол жерде құрметті қарауыл сап түзеп, мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылды. Ал Ленин алаңында Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған әскери парад өтті. Салтанатты шараның басында Қазақстан мен Ресейдің тулары, сондай-ақ, Жеңіс туы шығарылды. Отшашу атылғаннан кейін екі елдің әнұраны орындалды. Ал парад жетекшісі қала әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгинге парадты өткізуге дайын екенін баяндады. Бусыгин алаңға жиналғандардың барлығын Жеңіс күнімен құттықтады.Бір минут үнсіздіктен кейін қаладағы қазақстандық және ресейлік құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ, мектеп оқушылары салтанатты маршпен жүріп өтті. Парадты полиция подполковнигі Илья Шкрум басқарды. Кешке қарай алаңда мерекелік концерт өтеді. Ал түнгі сағат 21:55-де отшашу атылады.
https://sputnik.kz/20260509/astanada-panfilovtyn-eskertkishine-gul-shoqtary-qoyyldy-63293582.html
байқоңыр
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/05/09/63294849_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_7a2ffa94d63186da18684c787d687c50.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
байқоңыр, 9 мамыр – жеңіс күні
байқоңыр, 9 мамыр – жеңіс күні
Байқоңырда Жеңіс парады өтті
17:35 09.05.2026 (жаңартылды: 17:37 09.05.2026) АСТАНА, 9 мамыр – Sputnik. Байқоңыр қаласында 9 мамыр - Жеңіс күніне арналған парад өтті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Қаладағы мерекелік шаралар Жеңіс ескерткішінен басталды. Сол жерде құрметті қарауыл сап түзеп, мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылды. Ал Ленин алаңында Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған әскери парад өтті.
Салтанатты шараның басында Қазақстан мен Ресейдің тулары, сондай-ақ, Жеңіс туы шығарылды. Отшашу атылғаннан кейін екі елдің әнұраны орындалды. Ал парад жетекшісі қала әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгинге парадты өткізуге дайын екенін баяндады. Бусыгин алаңға жиналғандардың барлығын Жеңіс күнімен құттықтады.
"Біздің әкелеріміз, ата-бабаларымыз дүниежүзілік соғысты тоқтатып қана қоймай, әлемді үлкен зұлымдық-фашизмнен азат етті. Біз олардың алдында өтелмес қарыздармыз. Жеңістің қалай келгенін біле тұра, оларды ұмытпай, өскелең ұрпаққа жеткізуге міндеттіміз. Қанша жыл өтсе де, халықтарымыздың ерлігін ешқашан ұмытпаймыз, олардың батылдығы мен қайсарлығымен мақтанамыз", - деді Бусыгин.
Бір минут үнсіздіктен кейін қаладағы қазақстандық және ресейлік құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ, мектеп оқушылары салтанатты маршпен жүріп өтті. Парадты полиция подполковнигі Илья Шкрум басқарды.
Кешке қарай алаңда мерекелік концерт өтеді. Ал түнгі сағат 21:55-де отшашу атылады.