https://sputnik.kz/20260509/bank-qyzmetkeri-aqtobe-turgynyn-alayaqtardan-qutqaryp-qaldy-63261966.html
Банк қызметкері Ақтөбе тұрғынын алаяқтардан құтқарып қалды
Банк қызметкері Ақтөбе тұрғынын алаяқтардан құтқарып қалды
Sputnik Қазақстан
Алаяқтар бірнеше күн бойы әйелге психологиялық қысым жасап, кредит рәсімдеуге көндірген 09.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-09T12:56+0500
2026-05-09T12:56+0500
2026-05-09T12:57+0500
полиция
ақтөбе
https://sputnik.kz/img/289/45/2894503_0:183:3504:2154_1920x0_80_0_0_ffa9c1fed960f58d4a2ee97361c27a59.jpg
АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. Ақтөбеде полиция мен банк қызметкері қала тұрғынын алаяқтардан құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.Қала тұрғынына өзін жеткізу қызметінің курьері ретінде таныстырған белгісіз адам қоңырау шалған. Ол атына сәлемдеме келгенін айтып, оны рәсімдеу үшін телефонға келген SMS-кодты хабарлауды сұраған.Алаяқтар бірнеше күн бойы әйелге психологиялық қысым жасап, оны "қауіптің алдын алу" деген сылтаумен кредит рәсімдеуге көндірген. Алаяқтардың сөзіне сенген әйел банкке барып, кредит рәсімдемек болады. Бірақ банк қызметкері клиенттің күмәнді хабарламаларға жауап беріп жүргенін байқап, полицияға хабарлайды.Полиция қызметкерлері азаматты бөлімшеге жеткізіп, онымен түсіндіру жұмысын жүргізген. Әу баста ол алаяқтарға алданғанын мойындамаған. Банк қызметкері мен полицияның арқасында тұрғын 2 миллион теңгесін алаяқтардан аман алып қалды.
ақтөбе
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/289/45/2894503_195:0:3310:2336_1920x0_80_0_0_e1248f77dcc74dce7c51e8d1f6f00c8a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, ақтөбе
Банк қызметкері Ақтөбе тұрғынын алаяқтардан құтқарып қалды
12:56 09.05.2026 (жаңартылды: 12:57 09.05.2026) Алаяқтар бірнеше күн бойы әйелге психологиялық қысым жасап, кредит рәсімдеуге көндірген
АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. Ақтөбеде полиция мен банк қызметкері қала тұрғынын алаяқтардан құтқарып қалды, деп хабарлайды
Polisia.kz. Қала тұрғынына өзін жеткізу қызметінің курьері ретінде таныстырған белгісіз адам қоңырау шалған. Ол атына сәлемдеме келгенін айтып, оны рәсімдеу үшін телефонға келген SMS-кодты хабарлауды сұраған.
"Тұрғын бұл сөзге сеніп, кодты айтып қойған. Кейіннен оған тағы қоңырау түскен. Бұл жолы қоңырау шалушылар өздерін "eGov" қызметінің қызметкері ретінде таныстырған. Олар оның атына кредит рәсімделіп жатқанын және банк шоттарында күмәнді операциялар анықталғанын айтып, жалған ақпарат берген. Осыдан соң әңгімеге өзін құқық қорғау органының қызметкері ретінде таныстырған тағы бір адам қосылған", - дейді полиция.
Алаяқтар бірнеше күн бойы әйелге психологиялық қысым жасап, оны "қауіптің алдын алу" деген сылтаумен кредит рәсімдеуге көндірген. Алаяқтардың сөзіне сенген әйел банкке барып, кредит рәсімдемек болады. Бірақ банк қызметкері клиенттің күмәнді хабарламаларға жауап беріп жүргенін байқап, полицияға хабарлайды.
Полиция қызметкерлері азаматты бөлімшеге жеткізіп, онымен түсіндіру жұмысын жүргізген. Әу баста ол алаяқтарға алданғанын мойындамаған. Банк қызметкері мен полицияның арқасында тұрғын 2 миллион теңгесін алаяқтардан аман алып қалды.