Жаңадан құрылған "Әділет" партиясына қандай жағдайда бюджеттен қаржы бөлінеді

© Sputnik / Санат ИмангалиевЗдание сената парламента Казахстана
Здание сената парламента Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.05.2026
Жазылу
АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. Сайлауда 5 проценттік межеден асып, Құрылтайға өткен партиялар ғана бюджеттен қаржыландырылады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавкат Өтемісов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, жаңадан құрылған партия алдымен парламентке (жаңа сессиядан бастап Құрылтайға – Sputnik) өтуі керек. Сонда ғана саяси ұйымға бюджеттен қаржы бөлінеді.
"Заң бойынша 5 проценттік межеден асып, Құрылтайға өткен партиялар ғана бюджеттен қаржыландырылады. Барлық партия бірдей ондай межеге жете алмайды", - деді Өтемісов үкіметте өткен брифингте.
Айта кетері, қазіргі кезде парламенттің төменгі палатасында алты партия бар. Олар – Amanat, Ауыл, Respublica, Ақ жол, Қазақстанның халық партиясы мен Жалпыұлттық социал-демократтар партиясы. Өткен демалыста Қазақстанда тағы бір партия құрылды. Оның төрағасы болып президент әкімшілігінің экс-басшысы Айбек Дәдебай сайланды.
Жаңа сессияға дейін Құрылтай сайлауы өтеді.
Жаңалықтар
0