Теміртау тұрғыны көшеде жалаңаш жүрген

© Sputnik / Санат ИмангалиевУральск
Уральск - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.05.2026
Жазылу
Әйелге қатысты әкімшілік іс қозғалды
АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. Теміртауда жалаңаш жүрген әйел анықталды, деп хабарлайды Қарағанды облысының полиция департаменті.
Теміртау қаласының полициясына 8 мамырда Республика даңғылындағы қоғамдық орында жалаңаш жүрген әйел туралы хабарлама түскен.
"Патрульдік полиция қызметкерлері қаланың 27 жастағы тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша әйелдің есірткі заттарын тұтынғаны анықталды", - дейді полицияда.
Әйелге қатысты әкімшілік іс қозғалды.
Енді жалаңаш әйелдің мәселесі сотта қаралады.
Полицейский - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2026
Алматыда ер адам көшеде пышақ ұстап, іш киіммен жүр - полиция не дейді
Жаңалықтар
0