Путин Тоқаевқа Жеңістің 81 жылдығына орай құттықтау жолдады

© AP Photo / Alexander ZemlianichenkoПрезидент
Президент - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.05.2026
Жазылу
АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығына орай құттықтау жолдады. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады.
Путин сондай-ақ басқа да шет мемлекеттердің басшыларын құттықтады.
"Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығына орай Владимир Путин Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Абхазия және Оңтүстік Осетия басшыларына, сондай-ақ Грузия мен Молдова халықтарына құттықтау жеделхаттарын жолдады", - деп жазылған хабарламада.
Ресей президенті шет мемлекеттердің басшылары мен азаматтарына арналған құттықтауында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне шынайы ризашылығын білдіріп, оларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.
Жаңалықтар
0