https://sputnik.kz/20260508/prezidentke-qanday-okilettilikter-beriledi--konstitutsiyalyq-zan-tanystyryldy-63261211.html
Президентке қандай өкілеттіліктер беріледі – жаңа заң таныстырылды
Президентке қандай өкілеттіліктер беріледі – жаңа заң таныстырылды
Sputnik Қазақстан
Заңда конституциялық деңгейде жаңа институт – Қазақстан Республикасының вице-президенті бекітіліп отыр 08.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-08T10:49+0500
2026-05-08T10:49+0500
2026-05-08T11:25+0500
парламент
мәжіліс депутаты
президент
https://sputnik.kz/img/07ea/04/17/62886284_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_4302636caaf08b971c52f83ddc0500a7.jpg
АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. Парламент палаталарының бірлескен отырысында президент туралы конституциялық заң бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Суперпрезиденттік модельден бас тарту қағидаты сақталадыЗаң 8 тарау мен 43 баптан тұрады.1-тарауда Қазақстан Республикасы президентінің мәртебесі айқындалады, оның ішінде қызметке кірісу тәртібі, өкілеттік мерзімі және президент лауазымын атқаруға байланысты шектеулер қарастырылған.Ал 2-тарауда президенттің өкілеттіктері белгіленген. Соның ішінде сыртқы және ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындауға қатысты құзыреттері, құрылтаймен, үкіметпен және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы, сондай-ақ кадрлық мәселелер мен норма шығару функциялары айқындалған.Жаңа өкілеттіліктерКонституциялық заңда алғаш рет жеке бапта президенттің Қазақстан Халық кеңесіне қатысты өкілеттіктері бекітіледі. Атап айтқанда, мемлекет басшысы кеңестің құрамын бекітіп, ұйымдастырушылық инфрақұрылымды қалыптастыру мәселелерімен айналысады.Сондай-ақ, Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты президенттің өкілеттіктерін реттейтін жеке норма енгізілген.Заңның басты жаңалығыЗаңда конституциялық деңгейде жаңа институт – Қазақстан Республикасының вице-президенті бекітіліп отыр. Бұл – заңның негізгі новелласы.Вице-президентті құрылтайдың келісімімен президент тағайындайды. Бұл ретте кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары да нақты айқындалған. Сонымен бірге оның өкілеттігін тоқтату негіздері, жоғары лауазымды тұлға мәртебесіне ұқсас шектеулер қарастырылады.Вице-президенттің негізгі функциясы – президенттің тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау кезінде президент атынан өкілдік ету. Жаңа қызмет президент әкімшілігінің құрамында болады.Басқа тарауларда не жазылғанЗаңның 4-тарауына сәйкес, құрылтай өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылса, я болмаса, уақытша болмауы кезеңінде президент конституциялық заң не заң күші бар жарлықтар шығара алады."Бұл конституциялық шектеулерді сақтай отырып, мемлекеттік басқарудың жеделдігін қамтамасыз етуге бағытталған. 5-тарауда ұсынылып отырған өзгерістер жоғары мемлекеттік биліктің институционалдық тұрақтылығын және мемлекеттік басқару жүйесінің тұтастай үйлесімділігін қамтамасыз етуге бағытталған",-деп толықтырды Сәрсембаев.Ал 6 және 7-тараулар президент қызметін қамтамасыз ету және экс-президенттердің мәртебесіне қатысты мәселелерді реттейді.Айта кетері, заң тағы екінші оқылымда қаралады. Ол үшін бірлескен комиссия құрылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/04/17/62886284_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_b2d0563d9fae902befddcd647a2579f7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
парламент, мәжіліс депутаты, президент
парламент, мәжіліс депутаты, президент
Президентке қандай өкілеттіліктер беріледі – жаңа заң таныстырылды
10:49 08.05.2026 (жаңартылды: 11:25 08.05.2026) Заңда конституциялық деңгейде жаңа институт – Қазақстан Республикасының вице-президенті бекітіліп отыр
АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. Парламент палаталарының бірлескен отырысында президент туралы конституциялық заң бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Суперпрезиденттік модельден бас тарту қағидаты сақталады
Заң 8 тарау мен 43 баптан тұрады.
1-тарауда Қазақстан Республикасы президентінің мәртебесі айқындалады, оның ішінде қызметке кірісу тәртібі, өкілеттік мерзімі және президент лауазымын атқаруға байланысты шектеулер қарастырылған.
"Осы орайда 2022 жылы енгізілген суперпрезиденттік басқару нысанынан бас тартуға бағытталған тұжырымдамалық қағидаттар өзгеріссіз сақталғанын бөлек атап өткім келеді. Бұл – президенттің бір реттік жеті жылдық өкілеттік мерзімі, оның жақын туыстарына қатысты шектеулер және президенттің саяси партиядан тыс болуы туралы нормалар", - дейді әділет министрі Ерлан Сәрсембаев.
Ал 2-тарауда президенттің өкілеттіктері белгіленген. Соның ішінде сыртқы және ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындауға қатысты құзыреттері, құрылтаймен, үкіметпен және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы, сондай-ақ кадрлық мәселелер мен норма шығару функциялары айқындалған.
Конституциялық заңда алғаш рет жеке бапта президенттің Қазақстан Халық кеңесіне қатысты өкілеттіктері бекітіледі. Атап айтқанда, мемлекет басшысы кеңестің құрамын бекітіп, ұйымдастырушылық инфрақұрылымды қалыптастыру мәселелерімен айналысады.
Сондай-ақ, Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты президенттің өкілеттіктерін реттейтін жеке норма енгізілген.
"Президент Конституцияға сәйкес омбудсменді тағайындайды және оның жыл сайынғы баяндамасын тыңдайды. Бұл азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың институционалдық кепілдіктерін күшейтеді", - дейді министр.
Заңда конституциялық деңгейде жаңа институт – Қазақстан Республикасының вице-президенті бекітіліп отыр. Бұл – заңның негізгі новелласы.
Вице-президентті құрылтайдың келісімімен президент тағайындайды. Бұл ретте кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары да нақты айқындалған. Сонымен бірге оның өкілеттігін тоқтату негіздері, жоғары лауазымды тұлға мәртебесіне ұқсас шектеулер қарастырылады.
Вице-президенттің негізгі функциясы – президенттің тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау кезінде президент атынан өкілдік ету. Жаңа қызмет президент әкімшілігінің құрамында болады.
Басқа тарауларда не жазылған
Заңның 4-тарауына сәйкес, құрылтай өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылса, я болмаса, уақытша болмауы кезеңінде президент конституциялық заң не заң күші бар жарлықтар шығара алады.
"Бұл конституциялық шектеулерді сақтай отырып, мемлекеттік басқарудың жеделдігін қамтамасыз етуге бағытталған. 5-тарауда ұсынылып отырған өзгерістер жоғары мемлекеттік биліктің институционалдық тұрақтылығын және мемлекеттік басқару жүйесінің тұтастай үйлесімділігін қамтамасыз етуге бағытталған",-деп толықтырды Сәрсембаев.
Ал 6 және 7-тараулар президент қызметін қамтамасыз ету және экс-президенттердің мәртебесіне қатысты мәселелерді реттейді.
Айта кетері, заң тағы екінші оқылымда қаралады. Ол үшін бірлескен комиссия құрылды.