https://sputnik.kz/20260508/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-8-mamyr-63252664.html
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 8 мамыр
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 8 мамыр
Sputnik Қазақстан
8 мамырда не болғанын білесіз бе? 08.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-08T00:01+0500
2026-05-08T00:01+0500
2026-05-08T00:01+0500
дерекқор
https://sputnik.kz/img/1001/27/10012706_49:0:2453:1352_1920x0_80_0_0_41249684168c5cda909c1aae243c64aa.jpg
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.8 мамырда қандай айтулы оқиға болды8 және 9 мамыр – Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын еске алуға арналған Еске алу күні. Бұл датаны 2004 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы бекітті. БҰҰ-ға мүше елдерге, үкіметтік емес ұйымдарға жыл сайын осы екі күннің біреуін немесе екеуін де Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын еске алу күні ретінде атап өту ұсынылды. Бүгін – Дүниежүзілік Қызыл жарты ай және Қызыл крест күні. Атаулы дата 1953 жылдан халықаралық "Қызыл Крест" қоғамының негізін қалаушы, швейцариялық гуманист, қоғам қайраткері, Нобель сыйлығының иегері Жан Анри Дюнанның құрметіне жыл сайын аталып өтеді. Қозғалыс 1863 жылы жаралыларға көмек көрсету жөніндегі халықаралық комиссия құрылған кезде пайда болады. Кейін қозғалыс мүшелері соғыс майдангерлеріне және ұрыс барысында жарақаттанғандарға көмек көрсетеді.Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай халықаралық қозғалысы Женева конвенциясына қатысушы мемлекеттерге көмек көрсетеді, халықаралық гуманитарлық көмек жағдайларын әрбір елдің ұлттық заңына үйлестіру және халықаралық гуманитарлық құқық туралы білімді тарату шараларын ұйымдастырады. Қарулы қақтығыстар кезінде бейтараптық танытып, қарсылас жақтарға тек гуманитарлық, медициналық көмек көрсетеді.Штаб-пәтері Женева қаласында орналасқан, дүние жүзінің көптеген елінде өкілдіктері бар. 2002 жылы Қазақстанда Қызыл жарты ай қоғамы құрылып, 2003 жылдың желтоқсанында Қызыл крест және Қызыл жарты ай қоғамдары халықаралық федерацияға қабылданды.8 мамырда әлемде болған тарихи оқиғалар1895 жылы Қытай Тайвань аралын Жапонияға берді;1902 жылы Мартиника аралындағы Мон-Пеле вулканы жарылып, 20 мыңға жуық адам қаза тапты;1903 жылы бірінші "Лебоди" дирижаблі аспанға көтеріліп, 37 шақырым жол жүрді;1970 жылы әлемге танымал ұлыбританиялық The Beatles тобы Let It Be дискін шығарды.8 мамырда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар1975 жылы Алматы қаласындағы 28-панфиловшылар саябағында Даңқ мемориалы ашылды. Сәулетшілері – Т.Бәсенов, Г.Сейдалин, В.Ким. Мүсіншілері – В.Андрющенко, Р.Артимович;1993 жылы тәуелсіз Қазақстанның тарихында алғаш рет Алматыдағы Республика алаңында әскери шеру өтті;2010 жылы Мәскеуде ТМД аясында өзара ынтымақтастықты дамыту болашағы туралы өзекті мәселелер талқыға салынды. Саммитке Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина, Молдова, Өзбекстан президенттері қатысты.2016 жылы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясында "Діндер бейбітшілік жолында" атты диалогы өткізілді.8 мамырда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар1940 жылы АҚШ жазушысы және сценарисі Питер Бенчли дүниеге келді. Ол оқырмандарға "Челюсти" романымен таныс. Кітаптың желісі негізінде америкалық режиссер Стивен Спилберг кино түсірген болатын;1961 жылы ресейлік актер және режиссер Владимир Шевельков дүниеге келді. Ол "Гардемарины, вперед!", "Сердца трех", "Приключения принца Флоризеля" фильмдері арқылы көрерменге танымал;1975 жылы испаниялық әнші Энрике Иглесиас дүниеге келді. Оның әкесі – Хулио Иглесиас. Ол да әйгілі эстрада жұлдызы.8 мамырда Қазақстанда кім туды1916 жылы Кеңес одағының батыры Хамит Көбіков дүниеге келді;1928 жылы химия ғылымдарының докторы, профессор Әлімжан Дадабаев дүниеге келді;1937 жылы кеңестік және қазақстандық кино және театр актёрі, режиссер, Қазақ КСР халық әртісі (1976), КСРО халық әртісі (1980), Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1973), КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974), Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов дүниеге келді;1940 жылы жазушы Жақсылық Сәмитұлы дүниеге келді;1971 жылы қазақстандық мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы (2026) Роман Cкляр дүниеге келді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1001/27/10012706_349:0:2152:1352_1920x0_80_0_0_6e0269f12d53960efe373ec7691b59d5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 8 мамыр
8 мамырда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын
Sputnik дерекқорынан оқыңыз.
8 мамырда қандай айтулы оқиға болды
8 және 9 мамыр – Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын еске алуға арналған Еске алу күні. Бұл датаны 2004 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы бекітті. БҰҰ-ға мүше елдерге, үкіметтік емес ұйымдарға жыл сайын осы екі күннің біреуін немесе екеуін де Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын еске алу күні ретінде атап өту ұсынылды.
Бүгін – Дүниежүзілік Қызыл жарты ай және Қызыл крест күні. Атаулы дата 1953 жылдан халықаралық "Қызыл Крест" қоғамының негізін қалаушы, швейцариялық гуманист, қоғам қайраткері, Нобель сыйлығының иегері Жан Анри Дюнанның құрметіне жыл сайын аталып өтеді. Қозғалыс 1863 жылы жаралыларға көмек көрсету жөніндегі халықаралық комиссия құрылған кезде пайда болады. Кейін қозғалыс мүшелері соғыс майдангерлеріне және ұрыс барысында жарақаттанғандарға көмек көрсетеді.
Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай халықаралық қозғалысы Женева конвенциясына қатысушы мемлекеттерге көмек көрсетеді, халықаралық гуманитарлық көмек жағдайларын әрбір елдің ұлттық заңына үйлестіру және халықаралық гуманитарлық құқық туралы білімді тарату шараларын ұйымдастырады. Қарулы қақтығыстар кезінде бейтараптық танытып, қарсылас жақтарға тек гуманитарлық, медициналық көмек көрсетеді.
Штаб-пәтері Женева қаласында орналасқан, дүние жүзінің көптеген елінде өкілдіктері бар. 2002 жылы Қазақстанда Қызыл жарты ай қоғамы құрылып, 2003 жылдың желтоқсанында Қызыл крест және Қызыл жарты ай қоғамдары халықаралық федерацияға қабылданды.
8 мамырда әлемде болған тарихи оқиғалар
1895 жылы Қытай Тайвань аралын Жапонияға берді;
1902 жылы Мартиника аралындағы Мон-Пеле вулканы жарылып, 20 мыңға жуық адам қаза тапты;
1903 жылы бірінші "Лебоди" дирижаблі аспанға көтеріліп, 37 шақырым жол жүрді;
1970 жылы әлемге танымал ұлыбританиялық The Beatles тобы Let It Be дискін шығарды.
8 мамырда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1975 жылы Алматы қаласындағы 28-панфиловшылар саябағында Даңқ мемориалы ашылды. Сәулетшілері – Т.Бәсенов, Г.Сейдалин, В.Ким. Мүсіншілері – В.Андрющенко, Р.Артимович;
1993 жылы тәуелсіз Қазақстанның тарихында алғаш рет Алматыдағы Республика алаңында әскери шеру өтті;
2010 жылы Мәскеуде ТМД аясында өзара ынтымақтастықты дамыту болашағы туралы өзекті мәселелер талқыға салынды. Саммитке Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина, Молдова, Өзбекстан президенттері қатысты.
2016 жылы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясында "Діндер бейбітшілік жолында" атты диалогы өткізілді.
8 мамырда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар
1940 жылы АҚШ жазушысы және сценарисі Питер Бенчли дүниеге келді. Ол оқырмандарға "Челюсти" романымен таныс. Кітаптың желісі негізінде америкалық режиссер Стивен Спилберг кино түсірген болатын;
1961 жылы ресейлік актер және режиссер Владимир Шевельков дүниеге келді. Ол "Гардемарины, вперед!", "Сердца трех", "Приключения принца Флоризеля" фильмдері арқылы көрерменге танымал;
1975 жылы испаниялық әнші Энрике Иглесиас дүниеге келді. Оның әкесі – Хулио Иглесиас. Ол да әйгілі эстрада жұлдызы.
8 мамырда Қазақстанда кім туды
1916 жылы Кеңес одағының батыры Хамит Көбіков дүниеге келді;
1928 жылы химия ғылымдарының докторы, профессор Әлімжан Дадабаев дүниеге келді;
1937 жылы кеңестік және қазақстандық кино және театр актёрі, режиссер, Қазақ КСР халық әртісі (1976), КСРО халық әртісі (1980), Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1973), КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974), Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов дүниеге келді;
1940 жылы жазушы Жақсылық Сәмитұлы дүниеге келді;
1971 жылы қазақстандық мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы (2026) Роман Cкляр дүниеге келді.