Астанаға Қытайдан экологияға залалы көп 20 жүк көлігі заңсыз жеткізілген

© SputnikЖүк көлігі
Жүк көлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.05.2026
Жазылу
Олардың жалпы кедендік құны 284 млн теңгеден асқан
АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. Астанада экологиялық талаптарға сәйкес келмейтін көлік құралдарын заңсыз әкелу фактісі бойынша тергеуді аяқталды, деп хабарлады қаржылық мониторинг агенттігі.
Тергеу амалдарына сай, бір топ адам бақылауындағы ЖШС-лар арқылы "Еуро-2" экологиялық класына жататын FAW маркалы жүк көліктерін Қазақстан аумағына заңсыз импорттауды ұйымдастырған.
Импорт қолданыстағы "Еуро-4"-тен төмен стандарттағы техниканы әкелуге тыйым салынғанына қарамастан жүзеге асырылған.
Техника Қытай Халық Республикасынан сыртқы экономикалық келісімшарттар негізінде жеткізіліп, кейін кедендік рәсімдеу кезінде жалған мәліметтер пайдаланылған.
Атап айтқанда, көлік құралдарының қауіпсіздік сертификаттары қолдан жасалып, онда әдейі "Еуро-5" экологиялық класс көрсетілген.
"Нәтижесінде Қазақстан аумағына 20 бірлік арнайы техника заңсыз әкелінген. Олардың жалпы кедендік құны 284 млн теңгеден асқан. Кейін бұл техника байланысы бар компаниялар тізбегі арқылы сатылып, мемлекеттік сатып алу аясында 600 млн теңгеден астам сомаға жеткізілген", - деп жазылған хабарламада.
Сот санкциясымен күдіктілердің мүлкіне, яғни, 9 автокөлік пен бір пәтерге тыйым салынды. Күдіктілердің бірі қамауға алынды, ал оның екі сыбайласына қатысты елден шықпау туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.
Айта кету қажет, "Еуро-2" класына жататын техника "Еуро-4" және "Еуро-5" стандарттарына қарағанда әлдеқайда көп зиянды заттар бөліп, ауа сапасының нашарлауына және халық денсаулығына қауіп төндіреді.
Золотой песок, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2026
Жамбыл облысында заңсыз алтын өндіргендер ұсталды
Жаңалықтар
0