Шығыс Қазақстанда биыл 60-тан астам ауыл интернетке қосылады

© Sputnik / Яков Андреев / Медиабанкке өтуВышка сотовой связи
Вышка сотовой связи - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.05.2026
Жазылу
Облыс тұрғындарының 98,5%-ы интернетпен қамтылған
АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында 6 мың бейнебақылау камерасы іске қоылған, деп хабарлады облыстық әкімдік.
Бүгінде өңірде "ақылды қала" стратегиялары мен цифрлық трансформация карталары бекітіліп, оларды ауқымды енгізу кезеңі басталған.
Нәтижесінде Өңірлік аналитикалық орталық арқылы мемлекеттік органдар арасында деректер алмасуды қамтамасыз етіп, азаматтардың өтініштерін нақты уақыт режимінде бақылау мүмкін болып, сәйкесінше өтініштерді қарау мерзімі қысқарып, орындаушылық тәртіп артқан.
Қазіргі таңда тоғыз басқармада аудит жүргізіліп, 116 процесс цифрландырылып, 238 автоматтандырылған есеп енгізілген. Цифрландырудың нәтижесінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында қоқыс шығару, жол жөндеу және қар тазалау жұмыстары бақылауға алынған.
"Бүгінде облыста шамамен 6 мың бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Бейнеаналитика тек бақылау үшін ғана емес, ықтимал тәуекелдерді болжау үшін де қолданылады. Сонымен қатар, ауа сапасын нақты уақыт режимінде бақылайтын 25 автоматтандырылған экологиялық бекет жұмыс істейді", - деп жазылған хабарламада.
Әкімдік хабарлауынша, облыс тұрғындарының 98,5%-ы интернетпен қамтылған. 2025 жылы 53 елді мекенге интернет тартылса, 2026 жылдың басынан бері тағы 19 ауыл қосылған. Жыл соңына дейін қалған 67 ауылды қосу жоспарланып отыр.
Министр просвещения Казахстана Жулдыз Сулейменова и Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2026
Мектептердің 99 пайызы интернетке қосылды – Сүлейменова
Жаңалықтар
0