https://sputnik.kz/20260507/shakhtinsktegi-zharylys-bes-politsey-erligi-ushin-medalimen-marapattaldy-63250984.html
Шахтинсктегі жарылыс: бес полицей "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды
Шахтинсктегі жарылыс: бес полицей "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды
Sputnik Қазақстан
Қазіргі уақытта полицейлер ауруханада ем алып жатыр 07.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-07T18:30+0500
2026-05-07T18:30+0500
2026-05-07T18:30+0500
шахтинск
өрт
https://sputnik.kz/img/07ea/05/07/63251124_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_daef3b23b1943be0c80f8e62cd7f4739.jpg
АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik. Шахтинск қаласында газ баллоны жарылған сәтте тұрғындарды құтқару барысында ерлік танытып, өздері жарақат алған бес полиция қызметкері президент жарлығымен "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды.Қалалық ауруханада ем қабылдап жатқан тәртіп сақшыларын арнайы құттықтау үшін министр тапсырмасымен ІІМ жеке құраммен жұмыс істеу департаментінің бастығы Олжас Мырзабеков Қарағанды облысына арнайы барды. Кездесу барысында ол мемлекет басшысы мен ішкі істер министрлігінің атынан алғыс білдірді.Іс-шара барысында ерлік көрсеткен қызметкерлер – Руслан Тазиев, Асхат Бердібеков, Нұргелді Құлжабеков, Ерназ Өскенбай және Дулат Ситахметовке "Ерлігі үшін" медалі табысталды.Марапат иелері көрсетілген құрмет үшін мемлекет басшысына және Ішкі істер министрлігіне ризашылық білдірді."Біз үшін ең бастысы – адамдардың өмірін аман алып қалу болды. Сол сәтте уақытпен де, қауіппен де санасқан жоқпыз. Бұл – әрбір полиция қызметкерінің азаматтық әрі кәсіби парызы. Көрсетілген сенім бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Алдағы уақытта да ел игілігі үшін адал қызмет етуге дайынмын", – деді патрульдік полиция взводының инспекторы Ерназ Өскенбай.Ал полиция қызметкері Дулат Ситахметов бұл марапаттың оның қызметіне жаңа серпін бергенін айтты."Берілген марапат маған зор жігер сыйлады. Бұл – тек құрмет қана емес, сонымен бірге үлкен жауапкершілік. Халық сенімін ақтау – біздің басты міндетіміз", – деді ол.Еске сала кетейік, 23 наурыз күні Шахтинск қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, артынша өрт шыққан еді. Оқиға орнына алғашқылардың бірі болып жеткен полиция қызметкерлері тұрғындарды жедел эвакуациялап, адам өмірін құтқару кезінде түрлі жарақат алды.
https://sputnik.kz/20260323/qaragandy-oblysynda-er-adam-turgyn-uyde--zharylys-zhasady-5-politsey-zardap-shekti-62114379.html
шахтинск
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/05/07/63251124_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_2b12ca7af4fa81638d94c13bbeb5eaf8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шахтинск, өрт
Шахтинсктегі жарылыс: бес полицей "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды
Қазіргі уақытта полицейлер ауруханада ем алып жатыр
АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik. Шахтинск қаласында газ баллоны жарылған сәтте тұрғындарды құтқару барысында ерлік танытып, өздері жарақат алған бес полиция қызметкері президент жарлығымен "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды.
Қалалық ауруханада ем қабылдап жатқан тәртіп сақшыларын арнайы құттықтау үшін министр тапсырмасымен ІІМ жеке құраммен жұмыс істеу департаментінің бастығы Олжас Мырзабеков Қарағанды облысына арнайы барды. Кездесу барысында ол мемлекет басшысы мен ішкі істер министрлігінің атынан алғыс білдірді.
"Сіздердің оқиға кезіндегі жанқиярлық әрекеттеріңіз, адам өмірін сақтап қалудағы батыл қадам және қызметке деген адалдық мемлекет басшысы тарапынан жоғары бағаланды. Бұл – үлкен ерлік пен кәсібиліктің көрінісі. Осындай қайсарлық кейінгі жас буынға үлгі болады. Емді толық аяқтап, қайтадан сапқа қосылып, ел тыныштығы жолында абыройлы қызметтеріңізді жалғастырасыздар деп сенеміз", – деді Мырзабеков.
Іс-шара барысында ерлік көрсеткен қызметкерлер – Руслан Тазиев, Асхат Бердібеков, Нұргелді Құлжабеков, Ерназ Өскенбай және Дулат Ситахметовке "Ерлігі үшін" медалі табысталды.
Марапат иелері көрсетілген құрмет үшін мемлекет басшысына және Ішкі істер министрлігіне ризашылық білдірді.
"Біз үшін ең бастысы – адамдардың өмірін аман алып қалу болды. Сол сәтте уақытпен де, қауіппен де санасқан жоқпыз. Бұл – әрбір полиция қызметкерінің азаматтық әрі кәсіби парызы. Көрсетілген сенім бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Алдағы уақытта да ел игілігі үшін адал қызмет етуге дайынмын", – деді патрульдік полиция взводының инспекторы Ерназ Өскенбай.
Ал полиция қызметкері Дулат Ситахметов бұл марапаттың оның қызметіне жаңа серпін бергенін айтты.
"Берілген марапат маған зор жігер сыйлады. Бұл – тек құрмет қана емес, сонымен бірге үлкен жауапкершілік. Халық сенімін ақтау – біздің басты міндетіміз", – деді ол.
Еске сала кетейік, 23 наурыз күні Шахтинск қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, артынша өрт шыққан еді. Оқиға орнына алғашқылардың бірі болып жеткен полиция қызметкерлері тұрғындарды жедел эвакуациялап, адам өмірін құтқару кезінде түрлі жарақат алды.