https://sputnik.kz/20260507/el-zhauyngerleri-batyr-babalarymyzdyn-danqty-zholyn-zhalgastyryp-keledi---toqaev-63232594.html
Ел жауынгерлері батыр бабаларымыздың даңқты жолын жалғастырып келеді - Тоқаев
Ел жауынгерлері батыр бабаларымыздың даңқты жолын жалғастырып келеді - Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Президент мемлекеттік әрі қоғамдық маңызы айрықша мерекеде жауынгерлеріміздің ерен ерлігі, мықты рухы мен қайтпас қайсарлығы кеңінен дәріптелетінін айтты 07.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-07T09:08+0500
2026-05-07T09:08+0500
2026-05-07T09:09+0500
президент
отан қорғаушы күні
құттықтау
https://sputnik.kz/img/07ea/05/04/63155757_0:36:1280:756_1920x0_80_0_0_aa5a327fa8f7eb44eb4bcbc29c1d49c2.jpg
АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев ер-азаматтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.Президент мемлекеттік әрі қоғамдық маңызы айрықша мерекеде жауынгерлеріміздің ерен ерлігі, мықты рухы мен қайтпас қайсарлығы кеңінен дәріптелетінін айтты.Президенттің пікірінше, сардарлар мен сарбаздардың, барлық күштік құрылым қызметкерлерінің бітімгерлік миссиялар, арнаулы оқу-жаттығу жиындары мен түрлі халықаралық сайыстар кезіндегі кәсіби шеберлігі, темірдей тәртібі мен жауынгерлік даярлығы – соның айқын дәлелі."Қуатты әскеріміз ең күрделі міндеттерді орындауға қашанда дайын екені сөзсіз. Сондықтан мемлекет еліміздің қорғаныс қабілетін күшейтуге және әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға әрдайым баса мән береді. Жаңа Конституцияда "Қазақстан Республикасын қорғау – оның әр азаматының қасиетті парызы мен міндеті" деп жазылды", - деді мемлекет басшысы.Осы аса маңызды тұжырым мемлекет пен халықтың тығыз байланысын, ел тағдырына әрбір отандасымыздың жауапты екенін аңғартады, дейді Тоқаев.
https://sputnik.kz/20260506/toqaev-otan-qorgaushylar-kunine-oray-bir-top-azamatty-memlekettik-nagradamen-marapattady-63220402.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/05/04/63155757_83:0:1198:836_1920x0_80_0_0_4af46639e7b364200355c894244b6271.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, отан қорғаушы күні, құттықтау
президент, отан қорғаушы күні, құттықтау
Ел жауынгерлері батыр бабаларымыздың даңқты жолын жалғастырып келеді - Тоқаев
09:08 07.05.2026 (жаңартылды: 09:09 07.05.2026) Президент мемлекеттік әрі қоғамдық маңызы айрықша мерекеде жауынгерлеріміздің ерен ерлігі, мықты рухы мен қайтпас қайсарлығы кеңінен дәріптелетінін айтты
АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев ер-азаматтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
Президент мемлекеттік әрі қоғамдық маңызы айрықша мерекеде жауынгерлеріміздің ерен ерлігі, мықты рухы мен қайтпас қайсарлығы кеңінен дәріптелетінін айтты.
"Бұл – Қазақстанның қауіпсіздігін, тұрақтылығы мен тыныштығын күндіз-түні қас қақпай күзеткен, сондай-ақ қазір Отан алдындағы борышын адал өтеп жатқан барша азаматқа құрмет көрсетілетін күн. Ел жауынгерлері мен командирлері батыр бабаларымыздың даңқты жолын жалғастырып, нағыз отаншылдық рухының жарқын үлгісін көрсетіп келеді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің пікірінше, сардарлар мен сарбаздардың, барлық күштік құрылым қызметкерлерінің бітімгерлік миссиялар, арнаулы оқу-жаттығу жиындары мен түрлі халықаралық сайыстар кезіндегі кәсіби шеберлігі, темірдей тәртібі мен жауынгерлік даярлығы – соның айқын дәлелі.
"Қуатты әскеріміз ең күрделі міндеттерді орындауға қашанда дайын екені сөзсіз. Сондықтан мемлекет еліміздің қорғаныс қабілетін күшейтуге және әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға әрдайым баса мән береді. Жаңа Конституцияда "Қазақстан Республикасын қорғау – оның әр азаматының қасиетті парызы мен міндеті" деп жазылды", - деді мемлекет басшысы.
Осы аса маңызды тұжырым мемлекет пен халықтың тығыз байланысын, ел тағдырына әрбір отандасымыздың жауапты екенін аңғартады, дейді Тоқаев.
"Біз Отанға қалтқысыз қызмет ету қағидатын және Конституцияда айқындалған мызғымас құндылықтарды негізге ала отырып, сан ғасырлық тарихы бар мемлекеттілігіміздің тұғырын нығайта түсеміз, биік мақсат-мұратымызға жетіп, Әділетті, Күшті, Қауіпсіз Қазақстанды құрамыз. Мен бұған кәміл сенемін. Антына адал болып, табандылық танытып, мінсіз қызмет етіп жүрген Отан қорғаушыларымызға алғыс айтамын", - деп құттықтады президент.