ТМД тарихшылары Ұлы Жеңіс туралы бірлесіп кітап жазып шықты

ТМД тарихшылары Ұлы Жеңіс туралы бірлесіп кітап жазып шықты - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2026
Жазылу
Кітап 2025 жылдың сәуірінде Мәскеудегі "Ұлы Отан соғысындағы және Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығы" атты халықаралық ғылыми конференцияда таныстырылды
АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Ұлы Отан соғысы туралы тарихи шындық пен объективті ақпаратты, сондай-ақ ТМД елдері халықтарының ерлігін есте сақтау мақсатында ТМД тарихшыларының "Кеңес Одағы халықтары және Ұлы Жеңіс. 1941-1945" атты ұжымдық еңбегі жарық көрді.
"Бұл басылым Достастық елдерінің қазіргі тарихындағы жалғыз ауқымды бірлескен зерттеу болып табылады", - деп жазылған мәлімдемеде.
ТМД Атқару комитеті бұрынғы Кеңес Одағының белгілі бір республикасының жалпы Жеңіске қосқан үлесіне арналған әрбір "ұлттық" бөлімді тиісті қазіргі егеменді ТМД мемлекетінің тарихшылары жазғанын хабарлады.
"Достастық елдері тарихшыларының бұл бірлескен монографиясы ТМД-ға мүше мемлекеттердің тарихшылары мен мұрағатшыларының халықаралық қауымдастығының (комиссиясының) қамқорлығымен дайындалды", - делінген мәлімдемеде.
Бұрынғы Кеңес Одағы халықтарының соңғы соғыстағы Жеңіске қосқан үлестерін зерттейтін тарауларды Әзербайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан ұлттық ғылым академиялары мен университеттерінің жетекші мамандары дайындады.
Әскери техника шеруі - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2026
Астанада Жеңіс күніне арналған әскери техника көрмесі өтеді
Жаңалықтар
0