Терроршыны ұстауда көз жұмды: полицей Ғазиз Байтасов атындағы медаль пайда болады

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаПрезидент Отан қорғаушы күні қарсаңында мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйледі
Президент Отан қорғаушы күні қарсаңында мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйледі - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2026
Жазылу
АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Президент Отан қорғаушы күні қарсаңында мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде сөйлеген сөзінде елде Ғазиз Байтасов атындағы медаль пайда болатынын айтты.
Президенттің пікірінше, аңыздағы немесе қолдан жасалған "батырларды" емес, бұрынғы және бүгінгі нағыз қаһармандарды құрмет тұтатын үйлесімді қоғам құру қажет.
"Туған елі мен халқының игілігі жолында адал қызмет еткен, ар мен намысты бәрінен биік қойған азаматтар жастарға үлгі болуға тиіс. Олардың қатарында қаза тапқаннан кейін ерліктері мен батырлықтары еленіп, орден-медальмен марапатталған әскерилер, полицейлер, құтқарушылар, арнаулы орган қызметкерлері де аз емес", - деді Тоқаев.
Президент өз бастамасымен олардың есімдері көшелер мен түрлі мекемелерге беріліп жатқанын айтты.
"Мұндай тәсілді ведомстволық наградаға қатысты да пайдалануға болады. Осындай алғашқы марапаттың бірі – он бес жыл бұрын жанынан безген терроршыны ұстау барысында қаза тапқан полиция капитаны Ғазиз Байтасов атындағы медаль. Біздің мақсатымыз – батырларымыздың ерлігін мәңгі есте қалдыру, отандастарымыздың жарқын бейнесін жүрегімізде сақтау, өскелең ұрпақты нағыз ерлікке, қайсарлыққа және шынайы патриотизмге тәрбиелеу", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
t.me/aqorda_resmi
Жаңалықтар
0