"Мәйіт шіріп кеткен": Оралда сотты жаңылдырған сарапшыға үкім шықты

© Sputnik/Ертай СарбасовКрематорий в Алматы
Крематорий в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2026
Жазылу
АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында жалған қорытынды берген сарапшы сотталды, деп хабарлайды облыстық сот.
Орал қалалық сотында Батыс Қазақстан облысы бойынша сот сараптамалары институтының сарапшысына қатысты айыптау үкімі жарияланды.
"Ол өз қорытындысында мәйітте дене жарақаттары жоқ және мәйіттің шіру өзгерістеріне байланысты өлім себебін анықтау мүмкін емес деп көрсеткен. Алайда, эксгумациядан кейін Астана қаласының сот-медициналық сараптама мамандары марқұмның тірі кезінде келтірілген көптеген дене жарақаттары, оның ішінде қабырғалардың және тіл асты сүйегінің сынғанын анықтады", - дейді прокуратурада.
Алайда сарапшы кінәсін мойындамады. Сот бастапқы сараптамалық қорытындының нақты деректерге сәйкес келмегенін және сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарын жаңылдырғанын анықтады.
Сот айыпталушыны "Сарапшының көрінеу жалған қорытынды беруі" бабымен кінәлі деп танып, 3 жыл 2 ай 12 күн мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
0