Астанадағы LRT станциясында өрт шықты

© Sputnik / СтрингерЗадымление на одной из станций LRT в Астане сняли очевидцы
Задымление на одной из станций LRT в Астане сняли очевидцы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2026
Жазылу
Жыл басынан бері екі рет өрт болды
АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Астанадағы LRT станцияларының бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқиға туралы әлеуметтік желіде тарады. Төтенше жағдайлар министрлігі Sputnik Қазақстан тілшісіне түсініктеме берді.
"Дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде пластикалық құбырлар мен минералды мақта жанған. Өрт 20 шаршы метр аумақта болды. Тілсіз жау өрт сөндірушілер келгенге дейін сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады ведомство.
LRT-дағы алғашқы төтенше жағдай биыл ақпанда болған. Ол кезде станциялардың бірінде аялдама павильоны өртенген болатын.
Бұған дейін елорда әкімі Жеңіс Қасымбек LRT алдағы апталарда іске қосылатынын айтқан болатын.
Жаңалықтар
0