https://sputnik.kz/20260506/abay-oblysynyn-zhylu-zhelilerin-zhylytu-mausymyna-dayyndauga-25-mlrd-tenge-bolindi-63210190.html
Абай облысының жылу желілерін жылыту маусымына дайындауға 2,5 млрд теңге бөлінді
Абай облысының жылу желілерін жылыту маусымына дайындауға 2,5 млрд теңге бөлінді
Sputnik Қазақстан
Семейдегі сыртқы жылу желілерінің 58,2% тозған 06.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-06T13:44+0500
2026-05-06T13:44+0500
2026-05-06T13:44+0500
семей
абай облысы
жылу
жылу желісі
жылу беру маусымы
https://sputnik.kz/img/07e9/06/1c/55199638_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_76fa088fe8b7a51f1d03dbc407df6a9b.jpg
АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Үкімет Абай облысындағы жылу желілерін жөндеуге резервтен шамамен 2,5 млрд теңге бөлді. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.Қаражат алдағы жылыту маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз ету үшін Семей қаласындағы жылумен қамту нысандарын жөндеуге бағытталады.Қаладағы сыртқы жылу желілерінің жалпы ұзындығы – 325,5 шақырым. Желілердің тозу деңгейі 58,2% немесе 189 шақырым, бұл инфрақұрылымды кезең-кезеңімен жөндеу және жаңғырту жұмыстарын жалғастыру қажет екенін көрсетеді.Кейінгі жылдары қалада 54 шақырым жылу желілілерін ауыстыру, күрделі жөндеу, реконструкциялау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде тозу деңгейі 75%-дан 58%-ға дейін төмендеді.Бөлінген қаржы 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық шеңберінде жылу желілерінің ең маңызды учаскелерін жаңартуды жалғастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл Семейдегі жылумен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттырып, қысқы жүктеме кезінде жүйенің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
https://sputnik.kz/20260504/ukimet-ridderdin-zhylu-zhelilerin-zhanartuga-18-mlrd-tenge-boldi-63151218.html
семей
абай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/1c/55199638_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_5ee3f645a05c5b0331dc8cddf472ac5b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
семей, абай облысы, жылу, жылу желісі, жылу беру маусымы
семей, абай облысы, жылу, жылу желісі, жылу беру маусымы
Абай облысының жылу желілерін жылыту маусымына дайындауға 2,5 млрд теңге бөлінді
Семейдегі сыртқы жылу желілерінің 58,2% тозған
АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Үкімет Абай облысындағы жылу желілерін жөндеуге резервтен шамамен 2,5 млрд теңге бөлді. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Қаражат алдағы жылыту маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз ету үшін Семей қаласындағы жылумен қамту нысандарын жөндеуге бағытталады.
"Семей қаласында 340 мыңға жуық халық тұрады. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесі 70 мыңнан астам тұтынушыны, соның ішінде көпқабатты және жеке тұрғын үйлерді, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын жылумен қамтамасыз етеді", - деп жазылған үкімет хабарламасында.
Қаладағы сыртқы жылу желілерінің жалпы ұзындығы – 325,5 шақырым. Желілердің тозу деңгейі 58,2% немесе 189 шақырым, бұл инфрақұрылымды кезең-кезеңімен жөндеу және жаңғырту жұмыстарын жалғастыру қажет екенін көрсетеді.
Кейінгі жылдары қалада 54 шақырым жылу желілілерін ауыстыру, күрделі жөндеу, реконструкциялау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде тозу деңгейі 75%-дан 58%-ға дейін төмендеді.
"2025–2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындық аясында Семей қаласындағы жылумен қамту нысандарында бірінші кезектегі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл ретте қажетті қаржыландырудың 70%-ы Үкімет резерві есебінен қамтамасыз етілді", - делінген хабарламада.
Бөлінген қаржы 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық шеңберінде жылу желілерінің ең маңызды учаскелерін жаңартуды жалғастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл Семейдегі жылумен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттырып, қысқы жүктеме кезінде жүйенің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.