https://sputnik.kz/20260505/zhenis-kuni-qaragandyda-uos-ardagerlerine-qansha-tengeden-berildi-63194242.html
Жеңіс күні: Қазақстанда ҰОС ардагерлеріне қанша теңгеден берілді
Жеңіс күні: Қазақстанда ҰОС ардагерлеріне қанша теңгеден берілді
Sputnik Қазақстан
Қазіргі таңда өңірде алты соғыс ардагері тұрады 05.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-05T16:17+0500
2026-05-05T16:17+0500
2026-05-05T16:41+0500
қарағанды
соғыс ардагері
біржолғы төлем
https://sputnik.kz/img/07e9/06/12/54797666_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_2588309b60b33912d4ef5311cd9c11ee.jpg
АСТАНА, 5 мамыр – Sputnik. Қазақстанда Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 9 мамырға орай 5 млн теңгеден төленді. Бұл туралы облыс әкімдіктері хабарлады.Қарағанды облысында 6 ардагерге мейрамға орай 5 млн теңгеден төленді, деп хабарлады облыстық әкімдікте.Жалпы әлеуметтік қолдау шараларымен өңірдің 2,1 мыңнан астам тұрғыны қамтылды.Облыста 2029 тыл ардагері тұрады, оларға 100 мың теңгеден біржолғы төлем жасалды.Сондай-ақ концлагерьдің бұрынғы тұтқындары мен қоршаудағы Ленинград тұрғындарына — 200 мың теңгеден берілді, олардың саны - 33 адам.Қаза тапқан жауынгерлердің жұбайлары мен жесірлеріне — 50 мың теңгеден төленді, бұл санаттағы адамдар саны - 89 адам.Ал Астанада әкімдік жалғыз ардагер - Рзагүл Байкешевке де осы көлемде біржолғы төлем берілгенін хабарлады.Сол секілді, Алматыдағы 15 ҰОС ардагері де 5 млн теңгеден алды.Айта кетері, 2026 жылы Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 58 ардагері тұрады. Ең үлкен ардагер 105 жасқа толды.
https://sputnik.kz/20260504/astanada-uos-ardagerine-5-mln-tenge-berildi-63177680.html
қарағанды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/12/54797666_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_75a7bc70de5aa08405f17c7791185c3e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды, соғыс ардагері, біржолғы төлем
қарағанды, соғыс ардагері, біржолғы төлем
Жеңіс күні: Қазақстанда ҰОС ардагерлеріне қанша теңгеден берілді
16:17 05.05.2026 (жаңартылды: 16:41 05.05.2026) Қазіргі таңда өңірде алты соғыс ардагері тұрады
АСТАНА, 5 мамыр – Sputnik. Қазақстанда Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 9 мамырға орай 5 млн теңгеден төленді. Бұл туралы облыс әкімдіктері хабарлады.
Қарағанды облысында 6 ардагерге мейрамға орай 5 млн теңгеден төленді, деп хабарлады облыстық әкімдікте.
"Жеңіс күні қарсаңында Қарағанды облысында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 5 миллион теңгеден біржолғы төлем берілді. Қазіргі таңда өңірде алты соғыс ардагері тұрады: олардың бесеуі Қарағанды қаласында, біреуі Осакаров ауданында тұрады", - дейді әкімдікте.
Жалпы әлеуметтік қолдау шараларымен өңірдің 2,1 мыңнан астам тұрғыны қамтылды.
Облыста 2029 тыл ардагері тұрады, оларға 100 мың теңгеден біржолғы төлем жасалды.
Сондай-ақ концлагерьдің бұрынғы тұтқындары мен қоршаудағы Ленинград тұрғындарына — 200 мың теңгеден берілді, олардың саны - 33 адам.
Қаза тапқан жауынгерлердің жұбайлары мен жесірлеріне — 50 мың теңгеден төленді, бұл санаттағы адамдар саны - 89 адам.
Ал Астанада әкімдік жалғыз ардагер - Рзагүл Байкешевке де осы көлемде біржолғы төлем берілгенін хабарлады.
Сол секілді, Алматыдағы 15 ҰОС ардагері де 5 млн теңгеден алды.
Айта кетері, 2026 жылы Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 58 ардагері тұрады. Ең үлкен ардагер 105 жасқа толды.