Сурдлимпиада жүлдегерлері мен жаттықтырушыларға 5,5 млрд теңге сыйақы берілді

© Photo : Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығыСурдлимпиада-2025
Сурдлимпиада-2025 - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2026
Жазылу
Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 9-орын алды
АСТАНА, 5 мамыр – Sputnik. 2025 жылы Токиода өткен Сурдлимпиада жүлдегерлері мен жаттықтырушыларға 5,5 млрд теңге көлемінде сыйақы берілді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.
Барлығы 32 спортшы мен 42 жаттықтырушы сыйақыға ие болды.
"Төлем мөлшері қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленген: алтын медаль үшін – 130 млн теңге, күміс медаль үшін – 78 млн теңге, қола медаль үшін – 39 млн теңге. Сондай-ақ 4-6 орын алған спортшыларға 2,5 млн теңгеден 15 млн теңгеге дейін сыйақы төленді", - деп жазылған хабарламада.
Сурдлимпиадаға 81 елден шамамен 3 мың спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы спорттың сегіз түрінен өнер көрсетіп, жалпыкомандалық есепте 9-орын алды. Ел қоржынына 25 медаль түсті:
8 алтын,
4 күміс,
13 қола.
Жаңалықтар
0