https://sputnik.kz/20260505/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-bolady-5-mamyr-63180818.html
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 5 мамыр
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 5 мамыр
Sputnik Қазақстан
5 мамырда не болғанын білесіз бе? 05.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-05T00:01+0500
2026-05-05T00:01+0500
2026-05-05T00:01+0500
танымал есімдер
қызықты деректер
танымал тұлғалар
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
https://sputnik.kz/img/1001/25/10012579_49:0:2453:1352_1920x0_80_0_0_fd1c5ebdfc1d6d59f99eb34004368473.jpg
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.5 мамырда қандай қызықты оқиға болдыБүгін әлем халқы Халықаралық мүгедектер құқығын қорғау күнін атап өтеді. Бұл датаның тарихы 1992 жылдың 5 мамырынан басталады. Дәл осы күні Еуропаның 17 елінде жарымжан жандар бір мезетте мүгедектерді кемсітуге қарсы күрес күнін өткізген еді.Жыл сайын Оңтүстік Кореяда мемлекеттік мереке – Балалар күні тойланады. Кәріс тілінде бұл мерекенің атауы – "Орини наль". Балалар күні қоғамдық педагог Банг Джонг-Хванның арқасында 1923 жылдан бастап мемлекеттік мейрамға айналды. Джонг-Хванг 1 мамырды Балалар күні етіп бекітуді ұсынған болатын. 1946 жылы мереке күні 5 мамырға ауыстырылып, ал 1975 жылдан бастап демалыс күніне айналды. Бұл күні барлық қала мен ауылдарда мерекелік шаралар, спорт жарыстары өткізіледі. Ұйымдастырушылар балалардың көңілін көтеру үшін барын салады.Сондай-ақ, бүгін Халықаралық акушер күні. Бұл идея алғаш рет Нидерландыда 1987 жылы Халықаралық акушерлер конфедеарциясының конференциясында айтылған болатын. Мейрам тұрақты түрде 1992 жылдан бастап аталып өтеді. Акушерлердің міндеті – жүкті әйелдер мен жаңа босанған аналарға көмек көрсету. Бұл жүгі ауыр, жауапкершілігі жоғары мамандық.5 мамырда әлемде болған тарихи оқиғалар1951 жылы Ұлыбританияда ойынға арналып жасалған алғашқы компьютер көрсетілді;1956 жылы Токиода дзюдодан бірінші әлем чемпионаты басталды;1988 жылы Эверест шыңынан алғаш рет телетрансляция жасалды;2000 жылы "I love you" жаңа компьютерлік вирусынан бір ғана Солтүстік Американың өзінде миллиард доллар шығын келді.5 мамырда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар1918 жылы Бүкілқазақ жастарының съезінде "Жас азамат" жастар ұйымы құрылды. Ұйымның мақсаты – қазақ жастарын біріктіру, ұлттық мүддені қорғау;1925 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің жанындағы әйелдер бөлімі шығарған "Азат әйел" газеті негізінде "Теңдік" газетінің алғашқы саны жарыққа шықты;1986 жылы Ақтөбе қаласында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың мұражайы ашылды;1995 жылы Жамбыл облысында Кеңес Одағының Батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының мұражайы ашылды;2010 жылы елордаға сонау 1945 жылы Рейхстагқа тігілген Жеңіс туының көшірмесі әкелінді;2017 жылы Алматы облысы Алакөл ауданы Еңбекші ауылындағы таулардан шамамен 100-120 жыл бұрын басылып шығарылған жеті ежелгі кітап табылды.5 мамырда әлемде туған танымал тұлғалар1940 жылы кеңестік және ресейлік сықақшы, жазушы-сатирик, сценарист, радио және тележүргізуші Лион Измайлов дүниеге келді;1937 жылы кеңестік театр және кино актері Юрий Назаров өмірге келді (фильмдері: "Земля Санникова", "Андрей Рублев", "Адъютант его превосходительства");1966 жылы ресейлік эстрада әншісі Ирина Салтыкова туды;1988 жылы британиялық әнші, композитор Адель дүниеге келді.5 мамырда Қазақстанда кімдер туды1896 жылы әйгілі актер, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақ КСР Халық әртісі Серәлі Қожамқұлов өмірге келді;1916 жыл Кеңес Одағының Батыры Виталий Королев дүниеге келді;1920 жылы қазақ жазушысы, ақын Құрманғали Ұябаев туды;1926 жылы қобызшы, Қазақстанның Халық әртісі, профессор Фатима Балғаева өмірге келді;1943 жылы жазушы Серік Әбдірайымұлы дүниеге келді;1943 жылы жазушы Сейітқазы Досымов туды;1962 жылы әнші, сазгер, заманауи хит-әндердің авторы Еркеш Шәкеев өмірге келді;1968 жылы ауыл шаруашығылы министрі Сапархан Омаров дүниеге келді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1001/25/10012579_349:0:2152:1352_1920x0_80_0_0_25ea76bf83f9941c40076d82a730463d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
танымал есімдер, қызықты деректер, танымал тұлғалар, бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
танымал есімдер, қызықты деректер, танымал тұлғалар, бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 5 мамыр
5 мамырда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын
Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.
5 мамырда қандай қызықты оқиға болды
Бүгін әлем халқы Халықаралық мүгедектер құқығын қорғау күнін атап өтеді. Бұл датаның тарихы 1992 жылдың 5 мамырынан басталады. Дәл осы күні Еуропаның 17 елінде жарымжан жандар бір мезетте мүгедектерді кемсітуге қарсы күрес күнін өткізген еді.
Жыл сайын Оңтүстік Кореяда мемлекеттік мереке – Балалар күні тойланады. Кәріс тілінде бұл мерекенің атауы – "Орини наль". Балалар күні қоғамдық педагог Банг Джонг-Хванның арқасында 1923 жылдан бастап мемлекеттік мейрамға айналды. Джонг-Хванг 1 мамырды Балалар күні етіп бекітуді ұсынған болатын. 1946 жылы мереке күні 5 мамырға ауыстырылып, ал 1975 жылдан бастап демалыс күніне айналды. Бұл күні барлық қала мен ауылдарда мерекелік шаралар, спорт жарыстары өткізіледі. Ұйымдастырушылар балалардың көңілін көтеру үшін барын салады.
Сондай-ақ, бүгін Халықаралық акушер күні. Бұл идея алғаш рет Нидерландыда 1987 жылы Халықаралық акушерлер конфедеарциясының конференциясында айтылған болатын. Мейрам тұрақты түрде 1992 жылдан бастап аталып өтеді. Акушерлердің міндеті – жүкті әйелдер мен жаңа босанған аналарға көмек көрсету. Бұл жүгі ауыр, жауапкершілігі жоғары мамандық.
5 мамырда әлемде болған тарихи оқиғалар
1951 жылы Ұлыбританияда ойынға арналып жасалған алғашқы компьютер көрсетілді;
1956 жылы Токиода дзюдодан бірінші әлем чемпионаты басталды;
1988 жылы Эверест шыңынан алғаш рет телетрансляция жасалды;
2000 жылы "I love you" жаңа компьютерлік вирусынан бір ғана Солтүстік Американың өзінде миллиард доллар шығын келді.
5 мамырда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1918 жылы Бүкілқазақ жастарының съезінде "Жас азамат" жастар ұйымы құрылды. Ұйымның мақсаты – қазақ жастарын біріктіру, ұлттық мүддені қорғау;
1925 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің жанындағы әйелдер бөлімі шығарған "Азат әйел" газеті негізінде "Теңдік" газетінің алғашқы саны жарыққа шықты;
1986 жылы Ақтөбе қаласында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың мұражайы ашылды;
1995 жылы Жамбыл облысында Кеңес Одағының Батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының мұражайы ашылды;
2010 жылы елордаға сонау 1945 жылы Рейхстагқа тігілген Жеңіс туының көшірмесі әкелінді;
2017 жылы Алматы облысы Алакөл ауданы Еңбекші ауылындағы таулардан шамамен 100-120 жыл бұрын басылып шығарылған жеті ежелгі кітап табылды.
5 мамырда әлемде туған танымал тұлғалар
1940 жылы кеңестік және ресейлік сықақшы, жазушы-сатирик, сценарист, радио және тележүргізуші Лион Измайлов дүниеге келді;
1937 жылы кеңестік театр және кино актері Юрий Назаров өмірге келді (фильмдері: "Земля Санникова", "Андрей Рублев", "Адъютант его превосходительства");
1966 жылы ресейлік эстрада әншісі Ирина Салтыкова туды;
1988 жылы британиялық әнші, композитор Адель дүниеге келді.
5 мамырда Қазақстанда кімдер туды
1896 жылы әйгілі актер, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақ КСР Халық әртісі Серәлі Қожамқұлов өмірге келді;
1916 жыл Кеңес Одағының Батыры Виталий Королев дүниеге келді;
1920 жылы қазақ жазушысы, ақын Құрманғали Ұябаев туды;
1926 жылы қобызшы, Қазақстанның Халық әртісі, профессор Фатима Балғаева өмірге келді;
1943 жылы жазушы Серік Әбдірайымұлы дүниеге келді;
1943 жылы жазушы Сейітқазы Досымов туды;
1962 жылы әнші, сазгер, заманауи хит-әндердің авторы Еркеш Шәкеев өмірге келді;
1968 жылы ауыл шаруашығылы министрі Сапархан Омаров дүниеге келді.