Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды: үш күнге арналған ауа райы болжамы

© Sputnik/Ертай СарбасовВесна в Алматы
Весна в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2026
Жазылу
Республика аумағында ауа температурасының аздаған ауытқуы күтіледі
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. "Қазгидромет" алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамымен бөлісті.
"Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райының құбылмалы сипаты сақталады – жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсіп, желдің екпіні күшеюі мүмкін", - деп жазылған хабарламада.
5 мамырда елдің солтүстігінде, 6–7 мамырда батысында қатты жаңбыр күтіледі, дейді синоптиктер. Республика бойынша батыс өңірлерде түнгі және таңғы сағаттарда тұман болжанады.
Сонымен қатар республика аумағында ауа температурасының аздаған ауытқуы күтіледі. Елдің оңтүстігінде күндіз температура +22…+32°C-тан +27…+36°C-қа дейін көтеріледі, ал оңтүстік-шығыста +15…+30°C-тан +20…+35°C-қа дейін жоғарылайды.
Жаңбыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2026
Нөсер жаңбыр мен екпінді жел: үш күндік ауа райы болжамы жарияланды
Жаңалықтар
0