https://sputnik.kz/20260504/statistikamen-zhumys-isteuge-arnalgan-ai-komekshi-iske-qosyldy-63155530.html
Статистикамен жұмыс істеуге арналған AI-көмекші іске қосылды
Статистикамен жұмыс істеуге арналған AI-көмекші іске қосылды
Sputnik Қазақстан
Көмекші диалог форматында жұмыс істейді және пайдаланушыны негізгі кезеңдерде сүйемелдеп отырады 04.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-04T14:31+0500
2026-05-04T14:31+0500
2026-05-04T14:31+0500
жасанды интеллект
https://sputnik.kz/img/07ea/05/04/63153343_0:40:835:511_1920x0_80_0_0_a6f51c9e1766a18dc62e8ba1bb63daba.jpg
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Ұлттық статистика бюросы "AI Stat" атты виртуалды көмекшіні іске қосты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Жасанды интеллект негізінде әзірленген бұл сервис статистикалық деректермен жұмысты жеңілдетіп, цифрлық платформаларды пайдаланушыларға түсетін жүктемені азайтады.Жоба 2026 жылдың сәуір айында пилоттық режимде іске қосылып, пайдаланушылар тәжірибесі негізінде жетілдірілді. Нәтижесінде білім қоры кеңейтіліп, сұраныстарды өңдеу алгоритмдері оңтайландырылды, жауаптардың дәлдігі мен толықтығы артты.Көмекші диалог форматында жұмыс істейді және пайдаланушыны негізгі кезеңдерде сүйемелдеп отырады. Сервис статистикалық есептілікке қатысты сұрақтарға жауап береді, есеп нысандарын толтыруға көмектеседі және қателік жіберу ықтималдығын азайтады. Сонымен қатар ол деректерді іздеуді жеңілдетіп, Бюроның цифрлық ресурстарында, соның ішінде Респондент кабинетінде ыңғайлы навигация жасауға мүмкіндік береді.Бұдан бөлек, "AI Stat" БСН немесе ЖСН арқылы міндетті статистикалық нысандардың "Жүгіртпе" тізімін қалыптастырады, қызмет түрін таңдаған кезде ЭҚЖЖ кодтарын ұсынады және қажет болған жағдайда өтінішті байланыс орталығына жолдайды. Бұл күнделікті қайталанатын процестерді автоматтандырып, ақпаратқа қол жеткізу жылдамдығын арттырады.Жалпы алғанда, сервис бірінші деңгейлі қолдау қызметін атқарып, операторларға түсетін жүктемені азайтады және бизнес пен азаматтардың қажетті ақпаратты алу уақытын қысқартады.Сервис қазіргі уақытта екі тілде қолжетімді. Алдағы уақытта оның ағылшын тіліндегі нұсқасын да іске қосу жоспарлануда.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/05/04/63153343_53:0:752:524_1920x0_80_0_0_a2b01e54c6189fe30a908b458803989a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жасанды интеллект
Статистикамен жұмыс істеуге арналған AI-көмекші іске қосылды
Көмекші диалог форматында жұмыс істейді және пайдаланушыны негізгі кезеңдерде сүйемелдеп отырады
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Ұлттық статистика бюросы "AI Stat" атты виртуалды көмекшіні іске қосты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Жасанды интеллект негізінде әзірленген бұл сервис статистикалық деректермен жұмысты жеңілдетіп, цифрлық платформаларды пайдаланушыларға түсетін жүктемені азайтады.
"Ол есептілік ақпаратында жылдам бағдар алуға, қажетті мәліметтерді оңай табуға және Бюроның байланыс орталығына жүгінбей-ақ түрлі қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береді", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Жоба 2026 жылдың сәуір айында пилоттық режимде іске қосылып, пайдаланушылар тәжірибесі негізінде жетілдірілді. Нәтижесінде білім қоры кеңейтіліп, сұраныстарды өңдеу алгоритмдері оңтайландырылды, жауаптардың дәлдігі мен толықтығы артты.
Көмекші диалог форматында жұмыс істейді және пайдаланушыны негізгі кезеңдерде сүйемелдеп отырады. Сервис статистикалық есептілікке қатысты сұрақтарға жауап береді, есеп нысандарын толтыруға көмектеседі және қателік жіберу ықтималдығын азайтады. Сонымен қатар ол деректерді іздеуді жеңілдетіп, Бюроның цифрлық ресурстарында, соның ішінде Респондент кабинетінде ыңғайлы навигация жасауға мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, "AI Stat" БСН немесе ЖСН арқылы міндетті статистикалық нысандардың "Жүгіртпе" тізімін қалыптастырады, қызмет түрін таңдаған кезде ЭҚЖЖ кодтарын ұсынады және қажет болған жағдайда өтінішті байланыс орталығына жолдайды. Бұл күнделікті қайталанатын процестерді автоматтандырып, ақпаратқа қол жеткізу жылдамдығын арттырады.
Жалпы алғанда, сервис бірінші деңгейлі қолдау қызметін атқарып, операторларға түсетін жүктемені азайтады және бизнес пен азаматтардың қажетті ақпаратты алу уақытын қысқартады.
"AI Stat" статистикаға қатысты сұрақтарға бірнеше қадам арқылы жауап алуға мүмкіндік береді, күрделі жүйелерді терең түсінуді қажет етпейді. Бұл - алғашқы кезең, ал алдағы уақытта біз көмекшінің мүмкіндіктері мен қолдану аясын кеңейтеміз", – деді Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев.
Сервис қазіргі уақытта екі тілде қолжетімді. Алдағы уақытта оның ағылшын тіліндегі нұсқасын да іске қосу жоспарлануда.