Мамыр мерекелеріне орай пойыздарда қосымша 16 мың орын іске қосылады - ҚТЖ
16:20 04.05.2026 (жаңартылды: 16:22 04.05.2026)

© Photo : Пресс-служба "Казахстан Темир Жолы"
Жазылу
6–11 мамыр аралығында сұранысы жоғары бағыттардағы пойыздар құрамын 175 қосымша вагонмен толықтырады
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. "Қазақстан темір жолы" мамыр мерекелері кезінде пойыздарда 16 мың қосымша орын іске қосылатынын хабарлады.
Атап айтқанда, ұлттық тасымалдаушы 6–11 мамыр аралығында сұранысы жоғары бағыттардағы пойыздар құрамын 175 қосымша вагонмен толықтырады.
"Нәтижесінде жолаушыларға шамамен 16 мың орын ұсынылады. Қабылданған шаралар мереке кезеңінде билеттердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған", - деп жазылған хабарламада.
Қосымша орындар Астана, Алматы, Павлодар, Түркістан, Атырау, Пресногорьковская, Семей, Петропавл, Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау, Қазалы, Саратов, Жезқазған, Сарыағаш, Новосибирск, Өскемен, Қарағанды, Балқаш бағыттары бойынша ұсынылады.
Жолаушылар билеттерді комиссиясыз тасымалдаушының ресми сайтынан, сондай-ақ, "Жолаушылар тасымалы" АҚ кассаларынан сатып ала алады.
