Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Фицо Украинаға арналған жаңа кредиттерге қатысудан бас тартты

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өтуПремьер-министр Словакии Роберт Фицо
Премьер-министр Словакии Роберт Фицо  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2026
Жазылу
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Словакия премьер-министрі Роберт Фицо өз елінің Украинаға арналған алдағы еуропалық кредиттерге қатыспайтынын мәлімдеді.
"Мен үкімет басшысы ретінде Украинаға 90 миллиард еуро көлеміндегі әскери кредитті қолдаудан бас тарттым және Словакияның бұл кредитке қатыспауы үшін заңды шаралар қабылдадым. Сондай-ақ Словакия болашақта жарияланатын кредиттерге де қатыспайды", – деді Фицо әлеуметтік желіде жарияланған бейнеүндеуінде.
Антониу Кошта 23 сәуірде Еуроодақ елдері Украинаға 90 миллиард еуро көлеміндегі кредитті түпкілікті мақұлдағанын айтты. Бұл қаражат Киевке тек Ресей тарапынан "репарация" төленген жағдайда ғана қайтарылуы мүмкін.
Аталған кредитке Венгрия, Словакия және Чехия қатысудан бас тартқанымен, қаржыны бөлуге кедергі болмады.
Эмблема Европарламента на административном здании в Брюсселе  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Еуропалық комиссия Украинаға кредит беру үшін қарыз тартуға кірісті
Жаңалықтар
0