Атырауда денсаулық сақтау басқармасы монополияға қарсы заңнаманы өрескел бұзған

© Sputnik / Алексей Сухоруков / Медиабанкке өтуЗертхана
Зертхана - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2026
Жазылу
Бұл жеке клиникалардың қызметіне қолжетімділікті шектеп, нарықтағы кедергілерге себеп болған
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Атырау облысы бойынша департаменті облыстық денсаулық сақтау басқармасының заңға қайшы іс-әрекетін әшкереледі.
Анықталғандай, басқарма тарапынан жеке медициналық ұйымдардың қызметін шектеу фактілері бойынша монополияға қарсы заңнама бұзушылықтар болған.
"Тергеп-тексеру барысында мемлекеттік медициналық ұйымдарға гистологиялық зерттеулерді тек мемлекеттік мекемелерге ғана жолдау туралы міндетті нұсқау берілгені белгілі болды", - деп жазылған хабарламада.
Бұл жеке клиникалардың қызметіне қолжетімділікті шектеп, нарықтағы кедергілерге себеп болған.
Сот агенттік департаментінің қорытындыларын заңды деп танып, аталған әрекеттерді бәсекелестікке қарсы деп бағалады. Нәтижесінде заңсыз тапсырма жойылып, лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қазіргі уақытта гистологиялық зерттеулер көрсету нарығындағы шектеулер алынып тасталды.
Шығыс Қазақстанда екі шенеунік қамауға алынды - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.01.2026
Шығыс Қазақстанда екі шенеунік қамауға алынды
Жаңалықтар
0