Жамбыл облысында алтын өндіретін шахтаға түскен 14 адам ұсталды

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуАрхивное фото шахтера на руднике
Архивное фото шахтера на руднике - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2026
Жазылу
Олар - үш облыс пен Астана қаласының тұрғындары
АЛМАТЫ, 3 мамыр - Sputnik. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы жер асты шахтасына түскендер ұсталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
27 сәуір түнгі сағат екі шамасында бір топ адам шахтаға заңсыз түскен.
"Полицияға күзет қызметкерінен хабарлама түскен. Қорғалатын аумаққа заңсыз кірген Алматы, Түркістан, Қарағанды облыстары мен Астана қаласынан келген 14 ер адам полиция бөліміне жеткізілді", - дейді полиция.
Олардың сөмкелерінен тек жеке басқа қажетті жабдықтар табылған, құнды заттар болмаған.
Полиция күзетілетін объектіге заңсыз кіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын толыққанды анықтау мақсатында барлық қажетті тергеу амалдары мен жедел іздестіру іс-шаралары жалғасып жатыр, дейді полицейлер.
Каски рабочих, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2026
Абай облысында шахтада жұмысшы көз жұмды
Жаңалықтар
0