Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Еуропаның Украинадағы қақтығысқа қатысты ұстанымы айқын емес – Финляндияның экс-премьері

© Sputnik / Алексей ВитвицкийЗдание штаб-квартиры Европейского парламента в Брюсселе
Здание штаб-квартиры Европейского парламента в Брюсселе - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2026
Жазылу
АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. Еуропа елдері Украинадағы қақтығыс қалай аяқталуы керектігін білмейді, деп мәлімдеді Финляндияның бұрынғы премьер-министрі Санна Марин.
"Еуропа елдері бұл соғыстың қандай нәтиже әкелуге тиістігін, немен аяқталуы керектігін анық білмейді", — деді ол ZDF телеарнасына берген сұхбатында.
Өткен аптада The New York Times басылымы да Еуропа елдері Украинада қалай жеңіске жетуге болатынын білмейтінін жазған.
Ал Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін Мәскеу тек ұзақ мерзімді реттеуді қолдайтынын, уақытша бітімге қарсы екенін бірнеше рет айтқан. Оның айтуынша, бұған тек қақтығыстың түпкі себептері жойылған жағдайда ғана қол жеткізуге болады.
Жаңалықтар
0