Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 3 мамыр

© Sputnik / Владислав Воднев3 мамыр - күнтізбе
3 мамыр - күнтізбе - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2026
Жазылу
3 мамырда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

3 мамырда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін – Күн күні. Күн – Жерге ең жақын жұлдыз. Басқа жұлдыздар бізден әлдеқайда алыста орналасқан. Күн – планетамыз үшін ғарыш энергиясының қуатты көзі, ол Жер атмосферасын қалыптастырып, жануарлар және өсімдіктер әлемін жарық және жылумен қамтамасыз етеді. Күннің арқасында миллиондаған жыл бұрын біздің планетамызда тіршілік пайда болды. Халықаралық күн энергиясы қауымдастығы 1994 жылдан бастап дәстүрлі әрі ерікті түрде Күн мерекесін атап өтеді, оның мақсаты – халық назарын энергияның осы көзін тиімді пайдалану мүмкіндіктеріне аудару.
Бүгін әлемнің көптеген елінде Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күні аталып өтеді. Мерекенің негізі 1993 жылдың 20 желтоқсанындағы БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен қаланған. Бұл мерекенің пайда болуына 1991 жылғы ЮНЕСКО Бас конференциясында қабылданған "Әлемдегі баспасөз бостандығын қамтамасыз етуге атсалысу туралы" шешімі себепші болды. Осы мейрамда халықаралық қауымдастық кәсіби міндетін атқару кезінде қаза тапқан БАҚ қызметкерлерін еске алады. Бұл күні журналистер бірлестіктері мен қоғамдық ұйымдар қоғам мен биліктің назарын БАҚ-тағы сөз бостандығы проблемасына аударуға бағытталған шаралар ұйымдастырады.
Сонымен қатар бүгін – Спамның туған күні. Интернет қолданушылары "спам" деген ұғыммен жақсы таныс. Яғни, бұл – электронды поштаңызға күнбе-күн түсіп жататын көптеген қажетсіз хабарламалар, кейде олар қауіпті болуы да ықтимал. "Спамның" негізін қалаушы DEC компаниясы болып саналады, олар 1978 жылы 3 мамырда өз клиенттеріне 400 "спам" хабарламаны таратқан екен. Осылайша жаңа өнім – мини-компьютерлерді жарнамалақ болыпты. Сонда бұл мерекені қалай тойлайды дейтін шығарсыздар? Әлбетте, жұрт "спамды" келемеждейтін әзіл-қалжыңдар айтып, желі қолданушылары оларға қарсы күресу үшін күлкілі әдістер ойлап табады.

3 мамырда әлемде болған тарихи оқиғалар

1494 жылы испан зерттеушісі Кристофер Колумб Ямайканы ашты;
1841 жылы Жаңа Зеландия Ұлыбританияның отары болып жарияланды;
1902 жылы АҚШ-та "Пепси" компаниясының негізі қаланды;
1904 жылы америкалық өнертапқыш Джордж Паркер өзінің алғашқы жазу қаламын патенттеді;
1958 жылы АҚШ президенті Д.Эйзенхауэр Антарктиданы демилитаризациялауды ұсынды, оны кейін мүдделі елдер қабылдады;
1966 жылы Лондонның "Таймс" газеті жаңа форматта жарық көрді - бірінші бетінде жаңалықтар басылған.

3 мамырда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1993 жылы Алматы қаласында Қазақстан мен Қырғыз Республикасы арасында республикааралық жерді пайдалану, Қырғыз Республикасының ұлттық валютасы - сомның енгізілуіне байланысты қаржы-несиелік қатынастарды реттеу туралы келісім жасалды;
1995 жылы "Батыс Қазақстан – Құмкөл" мұнай құбыры жұмыс істей бастады;
1997 жылы Қазақстан президенті жарлығына сәйкес Жезқазған, Көкшетау, Семей облыстары таратылды;
2002 жылы Қазақстан мен Ресей президенттері Каспий теңізінің солтүстік бөлігін бөлу бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы келісім хаттамасына қол қойды;
2013 жылы Астана жаһандық қоғамдастықты энергия ресурстарын ұтымды пайдалануға шақыратын Еуропалық Одақтың (ЕО) "Мэрлер келісімі" бастамасына қосылды;
2022 жылы Алматы облысындағы Қапшағай қаласы ресми түрде Қонаев қаласы болып өзгертілді.

3 мамырда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1469 жылы итальяндық мемлекет қайраткері және ойшыл Никколо Макиавелли дүниеге келді;
1860 жылы шотландиялық физиолог, тыныс алу физиологиясы бойынша еңбектердің авторы, зерттеуші Джон Скотт Холдейн дүниеге келді;
1986 жылы ағылшын балалар жазушысы, драматург, сценарист Доди Смит дүниеге келді;
1901 жылы УЕФА-ның бірінші президенті (1954–1962) Эббе Шварц дүниеге келді;
1933 жылы америкалық әнші, соул музыкасының орындаушысы Джеймс Браун дүниеге келді;
1939 жылы кеңестік кинорежиссер Леонид Нечаев дүниеге келді. Көбінесе балаларға арналған фильмдер түсірген – "Питер Пэн", "Қылыз телпек туралы", "Буратиноның басынан кешкендері";
1956 жылы кеңестік театр және кино актрисасы Наталья Андрейченко дүниеге келді ("Военно-полевой роман", "Мэри Поппинс, до свидания", "Петр Великий" фильмдері).

3 мамырда Қазақстанда кімдер дүниеге келді

1916 жылы әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бибі Артықова дүниеге келді;
1944 жылы медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері Оразгелді Түктібаев дүниеге келді;
1950 жылы Қазақстанның мемлекет және саяси қайраткері, кеден қызметінің генерал-майоры, бұрынғы парламент депутаты, Қазақстан патриоттары партиясының жетекшісі, президенттік сайлауға екі рет (1999, 2011) қатысқан Ғани Қасымов дүниеге келді;
1978 жылы әнші Гауһар Қаспақова дүниеге келді.
Қасым Қайсенов - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2020
Дерекқор
Бүгін Қасым Қайсеновтің туған күні: қазақтың қас батыры туралы қызықты деректер
Жаңалықтар
0