https://sputnik.kz/20260503/biyldan-bastap-darigerlerdi-dayarlau-zhuyesi-ozgeredi---ministr-zhanashyldyqty-tusindirdi-63138763.html
Биылдан бастап дәрігерлерді даярлау жүйесі өзгереді - министр жаңашылдықты түсіндірді
Биылдан бастап дәрігерлерді даярлау жүйесі өзгереді - министр жаңашылдықты түсіндірді
Sputnik Қазақстан
Болашақ дәрігерлер енді жеті жыл оқиды 03.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-03T13:02+0500
2026-05-03T13:02+0500
2026-05-03T13:05+0500
дәрігер
https://sputnik.kz/img/07e9/08/14/56476576_254:190:1055:641_1920x0_80_0_0_fffa4113dfe4ed2ea6e442872362ea7c.jpg
АЛМАТЫ, 3 мамыр - Sputnik. 2026 жылдан бастап Қазақстанда дәрігерлерді даярлау жүйесі өзгереді. Бұл қандай өзгеріс, мақсаты не? Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жаңашылдықтарды түсіндірді. Диплом алғаннан кейін дәрігер болып емханада ғана емес, стационарда да жұмыс істеуге немесе резидентурада оқуды жалғастыруға мүмкіндік бар."Сондай-ақ дәрігер-интерн мәртебесі енгізіледі. Бұл студент емес, белгілі бір жауапкершілігі мен практикалық тәжірибесі бар маман", - дейді Әлназарова.Айта кетейік, бұл өзгерістер тек 2026 жылдан бастап оқуға түсетіндерге ғана қатысты. Жаңа жүйе бойынша алғашқы түлектер 2033 жылы мамандық алып шығады.Ал 2021 жылы оқуға түскендер бұрынғы жүйе бойынша білім алады. Интернатураны бітіргеннен кейін олар емханаларда дәрігер болып жұмыс істейді немесе резидентураға түсе алады.2022 жылы және 2026 дейін оқуға түскендер 6 жыл оқиды. Бірақ:Оқуды аяқтағаннан кейін: Бұл не береді? "Сонымен қатар, қазіргі таңда медициналық жоғары оқу орындарында білім алып жатқан студенттер үшін оқу мерзімі мен мансаптық траектория (жұмысқа орналасу) немесе резидентура бұрынғы шарттар бойынша сақталады. Жаңа модельдің негізгі артықшылығы — базалық және клиникалық практиканың ұлғаюы, дәрігерлерді даярлау сапасының және медициналық көмектің тиімділігінің артуы", - дейді министр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/08/14/56476576_322:174:978:666_1920x0_80_0_0_99968e23691e505b38156126e46116a2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дәрігер
Биылдан бастап дәрігерлерді даярлау жүйесі өзгереді - министр жаңашылдықты түсіндірді
13:02 03.05.2026 (жаңартылды: 13:05 03.05.2026) Болашақ дәрігерлер енді жеті жыл оқиды
АЛМАТЫ, 3 мамыр - Sputnik. 2026 жылдан бастап Қазақстанда дәрігерлерді даярлау жүйесі өзгереді. Бұл қандай өзгеріс, мақсаты не? Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жаңашылдықтарды түсіндірді.
"Жаңа жүйе бойынша биылдан бастап оқуға түсетіндер үшін оқу мерімі университетте 6 жыл + 1 жыл интернатура болады. Осыдан кейін түлек диплом алып шығады", - дейді денсаулық сақтау министрі.
Диплом алғаннан кейін дәрігер болып емханада ғана емес, стационарда да жұмыс істеуге немесе резидентурада оқуды жалғастыруға мүмкіндік бар.
"Сондай-ақ дәрігер-интерн мәртебесі енгізіледі. Бұл студент емес, белгілі бір жауапкершілігі мен практикалық тәжірибесі бар маман", - дейді Әлназарова.
Айта кетейік, бұл өзгерістер тек 2026 жылдан бастап оқуға түсетіндерге ғана қатысты. Жаңа жүйе бойынша алғашқы түлектер 2033 жылы мамандық алып шығады.
Ал 2021 жылы оқуға түскендер бұрынғы жүйе бойынша білім алады. Интернатураны бітіргеннен кейін олар емханаларда дәрігер болып жұмыс істейді немесе резидентураға түсе алады.
2022 жылы және 2026 дейін оқуға түскендер 6 жыл оқиды. Бірақ:
практикалық даярлық көлемі артты (интернатура арттырылды),
оқу сағаттарының жалпы саны көбейді.
медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде жұмыс істеуге,
немесе резидентурада білімін жалғастыруға болады.
Оқу барысында практиканың артуы
Дәрігерлерді даярлау сапасының жақсаруы
Еңбек жолын ертерек бастау мүмкіндігі
Икемділік: жұмыс істеу немесе әрі қарай мамандану
"Сонымен қатар, қазіргі таңда медициналық жоғары оқу орындарында білім алып жатқан студенттер үшін оқу мерзімі мен мансаптық траектория (жұмысқа орналасу) немесе резидентура бұрынғы шарттар бойынша сақталады. Жаңа модельдің негізгі артықшылығы — базалық және клиникалық практиканың ұлғаюы, дәрігерлерді даярлау сапасының және медициналық көмектің тиімділігінің артуы", - дейді министр.