Ақтөбе облысында жанжалдың соңы қайғылы жағдаймен аяқталды

© Sputnik / Абзал Калиев Ограбление, иллюстративное фото
 Ограбление, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2026
Жазылу
Ер адам танысын пышақтап өлтірді
АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. Ақтөбе облысында ер адам пышақ жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
3 мамырда Хромтауда ер адамның мәйіті табылған.
"Көпқабатты үйдің ауласынан зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылды. Кісі өлтірді деген күдікпен жәбірленушінің танысы ұсталып, қамауға алынды", - дейді полиция.
Таныстар бірге алкоголь ішіп отырған кезде жанжал шыққан. Салдарынан күдікті жәбірленушіге пышақ салған. Полиция "Кісі өлтіру" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Архивное фото мужчины с ножом в руке - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2026
Астанада тал түсте ер адам танысын пышақтап өлтірді
Жаңалықтар
0