https://sputnik.kz/20260502/turkistan-oblysynda-kopirdi-su-shayyp-turgyndar-evakuatsiyalandy-63119573.html
Түркістан облысында көпірді су шайып, тұрғындар эвакуацияланды
Түркістан облысында көпірді су шайып, тұрғындар эвакуацияланды
Sputnik Қазақстан
Уақытша өткел ұйымдастыру үшін арнайы техника жұмылдырылды 02.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-02T10:03+0500
2026-05-02T10:03+0500
2026-05-02T10:20+0500
түркістан облысы
көпір
су басу
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/0b/58626227_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_a7218286623a0e17994e120aa8d89848.jpg
АСТАНА, 2 мамыр – Sputnik. Түркістан облысында өзендегі су деңгейі көтеріліп, құтқарушылар 81 адамды эвакуациялады, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.Облыстың Төлеби ауданында, Ақмешіт ауылының туристік аймағында жауын-шашынның көп түсуіне байланысты Ақмешіт өзеніндегі су деңгейі көтерілді.Оқиға орнына ТЖМ күштері жедел жетіп, Екпінді ауылынан қауіпсіз жерге 11 адам, оның ішінде 7 бала көшірілді. Демалыс аймағынан 70 адам, соның ішінде 20 бала эвакуацияланды.Уақытша өткел ұйымдастыру үшін арнайы техника жұмылдырылды. Адамдарға медициналық көмек қажет болған жоқ.Оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері, "Қазселденқорғау", полиция және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмысын жалғастырып жатыр.
https://sputnik.kz/20260210/turkistan-oblysynda-zholdy-su-shayyp-ketti-61062737.html
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/0b/58626227_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_42b129b46da59d741c3e609f74f2b5d6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, көпір, су басу
түркістан облысы, көпір, су басу
Түркістан облысында көпірді су шайып, тұрғындар эвакуацияланды
10:03 02.05.2026 (жаңартылды: 10:20 02.05.2026) Уақытша өткел ұйымдастыру үшін арнайы техника жұмылдырылды
АСТАНА, 2 мамыр – Sputnik. Түркістан облысында өзендегі су деңгейі көтеріліп, құтқарушылар 81 адамды эвакуациялады, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Облыстың Төлеби ауданында, Ақмешіт ауылының туристік аймағында жауын-шашынның көп түсуіне байланысты Ақмешіт өзеніндегі су деңгейі көтерілді.
"Салдарынан демалыс аймағы мен пикник аумағын байланыстыратын екі уақытша қолдан жасалған көпір шайылып кетті. Сондай-ақ Екпінді аумағындағы өткел зақымданды", - деп жазылған хабарламада.
Оқиға орнына ТЖМ күштері жедел жетіп, Екпінді ауылынан қауіпсіз жерге 11 адам, оның ішінде 7 бала көшірілді. Демалыс аймағынан 70 адам, соның ішінде 20 бала эвакуацияланды.
Уақытша өткел ұйымдастыру үшін арнайы техника жұмылдырылды. Адамдарға медициналық көмек қажет болған жоқ.
Оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері, "Қазселденқорғау", полиция және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмысын жалғастырып жатыр.