Біріккен Араб Әмірліктері елдің әуе кеңістігін толығымен ашты

© Sputnik / Екатерина Чеснокова / Медиабанкке өтуДубай
Дубай - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2026
Жазылу
Шектеулер Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты енгізілген болатын
АСТАНА, 2 мамыр – Sputnik. БАӘ әуе кеңістігіндегі шектеулер алынып тасталды, деп хабарлайды РИА Новости.
Бұл туралы Азаматтық авиация басқармасының мәлімдемесінде айтылған.

"Азаматтық авиацияның бас басқармасы Біріккен Араб Әмірліктерінің әуе кеңістігіндегі әуе қозғалысы қалыпты жағдайға оралғанын және уақытша енгізілген сақтық шараларының алынып тасталғанын хабарлайды", - делінген хабарламада.
Дегенмен Азаматтық авиация басқармасы ұшу қауіпсіздігінің ең жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін нақты уақыт режимінде мониторингті жалғастырады.

Бұған дейін әлемдік әуе компаниялары, соның ішінде қазақстандық компаниялар Таяу Шығыстағы қақтығысқа байланысты Дубайға рейстерді тоқтатқанын хабарлаған болатын.
Тегерандағы соққылар - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2026
СІМ қазақстандықтарға Таяу Шығыстағы 14 елге барудан бас тартуды ұсынды
Жаңалықтар
0