Астанада өткен айтыста неміс қызы күміс жүлдегер атанды
13:13 01.05.2026 (жаңартылды: 13:14 01.05.2026)

© Photo : Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Жазылу
"Алтын шаңырақ"атты ұлтаралық айтыста 12 жұп өнер көрсетті
АЛМАТЫ, 1 мамыр - Sputnik. Қарулы күштердің қызметшісі республикалық айтыста жүлделі орын алды, деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.
Ұлттық әскери-патриоттық орталығында ансамбль әншісі Эльдана Габерман сахнаға өзінің ұстазы, белгілі ақын Иран-Ғайып Күзенбаевпен бірге шыққан.

Астанада өткен айтыста неміс қызы күміс жүлдегер атанды
© Photo : Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Олар алматылық, нигерия ұлтының өкілі Даниел Джеймс пен оның ұстазы Өміржан Көпбосынмен айтысты.
"Айтыстың нәтижесінде суырып салмалық шеберлігін жоғары деңгейде көрсеткен Эльдана Габерман жүлделі екінші орынға ие болды", - деп жазды министрлік.
"Алтын шаңырақ" республикалық ұлтаралық айтысында 12 жұп өнер көрсетті.

Астанада өткен айтыста неміс қызы күміс жүлдегер атанды
© Photo : Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
"Мен ұлтым неміс болғанымен, жүрегім қазақ деп соғады. Мен үшін айтыс – жай ғана жарыс емес, бұл қазақ халқына және туған тілімe деген құрмет", – деді күміс жүлдегер.
Оның айтуынша, бұл кеш Қазақстандағы халықтың ұлты әртүрлі болсада, біздің тарихымыз, бүгініміз және болашағымыз бір, Отанға, оның мәдениеті мен тіліне де құрмет ерекше екендігін көрсетті.
