https://sputnik.kz/20260430/zhol-sapasyn-baqylau-ushin-drondar-qoldanylady-63070452.html
Жол сапасын бақылау үшін дрондар қолданылады
Жол сапасын бақылау үшін дрондар қолданылады
Sputnik Қазақстан
Дрондарды пайдалану арқылы жолдың беткі қабаты сканерленіп, тегіс емес жерлер мен зақымданулар нақты уақыт режимінде тіркеледі 30.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-30T09:12+0500
2026-04-30T09:12+0500
2026-04-30T09:53+0500
дрон
жол
министрлік
https://sputnik.kz/img/07ea/04/08/62478201_237:106:1055:566_1920x0_80_0_0_cb2c8bcb537da3766fbc987d728c9216.png
АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Қазақстанда жол сапасын бақылау үшін дрондарды енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлады көлік министрлігі.Қазақстанда автомобиль жолдарының жай-күйін бақылауға арналған жаңа буын ұшқышсыз ұшатын аппарат сынақтан өтті.Құрылғының технологиялық базасы тексеру процесін айтарлықтай жеделдетуге мүмкіндік береді. LiDAR және mmWave-радарын пайдалану арқылы жолдың беткі қабаты сканерленіп, тегіс емес жерлер мен зақымданулар нақты уақыт режимінде тіркеледі.Деректерді жинау процесі барынша автоматтандырылған. Оператор ұшу аймағын белгілегеннен кейін дрон маршрутты өздігінен құрастырады. Сонымен қатар дрон қатты жел жағдайларына бейімделген, бұл ашық дала өңірлері үшін аса маңызды.Осындай технологияларды енгізу жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және автомобиль жолдарының сапасын жақсарту үшін стратегиялық маңызды қадам ретінде қарастырылады. Ерте диагностика ақауларды қауіпті деңгейге жетпей тұрып жоюға мүмкіндік береді.Қазіргі уақытта бұл технологияны автожолдардың жай-күйін кешенді диагностикалау үшін қолдану мүмкіндігі қарастырылуда. Ол ақауларды автоматты түрде анықтап қана қоймай, олардың көлемін де дәл бағалауға мүмкіндік береді.
https://sputnik.kz/20260215/almatyda-ekologiya-talaptaryn-baqylauga-drondar-qoldanyluy-mumkin-61188132.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/04/08/62478201_288:99:991:626_1920x0_80_0_0_eeddd1c839d83a233d55a77e12c6ffb7.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дрон, жол, министрлік
Жол сапасын бақылау үшін дрондар қолданылады
09:12 30.04.2026 (жаңартылды: 09:53 30.04.2026) Дрондарды пайдалану арқылы жолдың беткі қабаты сканерленіп, тегіс емес жерлер мен зақымданулар нақты уақыт режимінде тіркеледі
АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Қазақстанда жол сапасын бақылау үшін дрондарды енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлады көлік министрлігі.
Қазақстанда автомобиль жолдарының жай-күйін бақылауға арналған жаңа буын ұшқышсыз ұшатын аппарат сынақтан өтті.
"DJI Matrice 400 дронының лазерлік лидармен жабдықталған мүмкіндіктері Ақмол – Воздвиженка – Талапкер облыстық маңызы бар автомобиль жолының учаскесінде көрсетілді. Бұл жаңашылдық жол төсеміндегі ақауларды автоматтандырылған түрде анықтауға бағытталған", - деп жазылған хабарламада.
Құрылғының технологиялық базасы тексеру процесін айтарлықтай жеделдетуге мүмкіндік береді. LiDAR және mmWave-радарын пайдалану арқылы жолдың беткі қабаты сканерленіп, тегіс емес жерлер мен зақымданулар нақты уақыт режимінде тіркеледі.
Деректерді жинау процесі барынша автоматтандырылған. Оператор ұшу аймағын белгілегеннен кейін дрон маршрутты өздігінен құрастырады. Сонымен қатар дрон қатты жел жағдайларына бейімделген, бұл ашық дала өңірлері үшін аса маңызды.
Осындай технологияларды енгізу жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және автомобиль жолдарының сапасын жақсарту үшін стратегиялық маңызды қадам ретінде қарастырылады. Ерте диагностика ақауларды қауіпті деңгейге жетпей тұрып жоюға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта бұл технологияны автожолдардың жай-күйін кешенді диагностикалау үшін қолдану мүмкіндігі қарастырылуда. Ол ақауларды автоматты түрде анықтап қана қоймай, олардың көлемін де дәл бағалауға мүмкіндік береді.