Қазақстандағы алғашқы АЭС екі елдің бірлескен бірегей жобасы - Лавров

© Sputnik/Ертай СарбасовҚазақстандағы АЭС макеті
Қазақстандағы АЭС макеті - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.04.2026
Жазылу
Нысан 2035-2036 жылдары Алматы облысы Үлкен кентінде Балқаш көлінің жағасында салынады
АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанға ресми сапармен келді.
Лавров Астанада Қазақстанның сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевпен кездесіп, сосын тараптар бұқаралық ақпарат құралдарына баспасөз мәслихатын өткізді.
Лавров Ресей мен Қазақстанның бірлескен жобалары қаншалықты маңызды екеніне тоқталды. Әсіресе Қазақстандағы атом электр станциясының құрылысын ерекше айтты.
"Ресейлік дизайн бойынша Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салу бірлескен бірегей жоба болады. Нәтижесінде республикада ұлттық экономиканың тұтас жаңа саласы құрылады", - деді Лавров.
Былтыр маусымда Ресейдің "Росатом" мемлекеттік корпорациясы Қазақстанда алғашқы атом электр станциясын салу бойынша консорциумды басқаратыны белгілі болды. Нысан 2035-2036 жылдары Алматы облысы Үлкен кентінде Балқаш көлінің жағасында салынады.
Сондай-ақ тараптар жобаны іске асыратын Жол картасына қол қойды. "Росатом" мамандары алғашқы барлау ұңғымасын бұрғылауға және топырақ сынамаларын алуға кірісті.
Первая АЭС в Казахстане: в посёлке Улкен готовятся к торжественной церемонии запуска работ - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2026
Қазақстанда салынатын екінші АЭС-тың атауы жарияланды
Жаңалықтар
0