Қазақстанда қанша соғыс ардагері қалды

© Sputnik / Санат ИмангалиевПарад Победы в Астане
Парад Победы в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.04.2026
Жазылу
1 сәуірдегі мәлімет бойынша елде ҰОС жеңісіне үлес қосқан 33 443 адам тұрады
АЛМАТЫ, 30 сәуір – Sputnik. Қазақстанда 58 Ұлы Отан соғысының ардагер қалды. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Министрліктің ресми жауабы бойынша олардың ең үлкені – 105 жаста. Ардагерлердің орташа жасы – 101 жас.
Ардагерлер тұратын өңірлер:
Алматы қаласында – 15
Астана қаласында – 1
Шығыс Қазақстан облысы – 6
Батыс Қазақстан облысында – 6
Қарағанды облысы – 6
Алматы облысы – 4
Қостанай облысы – 4
Павлодар облысы – 4
Жамбыл облысы – 3
Түркістан облысы – 3
Абай облысында –1
Ақмола облысында – 1.
Ақтөбе облысы – 1
Жетісу облысы – 1
Қызылорда облысы – 1
Маңғыстау облысы – 1.
Биылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша елде ҰОС жеңісіне үлес қосқан 33 443 адам тұрады.
"Олардың ішінде қоршаудағы Ленинград тұрғындары – 57 адам, бұрынғы кәмелетке толмаған концлагерь тұтқындары –112 адам бар. ҰОС жылдарындағы тылда еңбек еткен ардагерлер саны – 31 926 адам", - дейді министрлік.
ҰОС жылдарында қаза тапқан, қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлердің жесірі ретінде тіркелген 1 зейнеткер қалды.
Жарақат, контузия және аурудан қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың 1 347 жұбайы тұрады.
Жаңалықтар
0