Қарағанды облысында ең ірі жел электр станциясының құрылысы басталды

© Акимат Карагандинской области В Карагандинской области начали строить крупнейшую ветряную электростанцию
В Карагандинской области начали строить крупнейшую ветряную электростанцию - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.04.2026
Жазылу
Сарыөзек ауылы маңында 63 заманауи жел қондырғысын орнату жоспарланып отыр
АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын елдегі ең ірі жел электр станцияларының бірінің құрылысы басталды, деп хабарлады өңір әкімдігі.
Құны 600 миллион доллардан асатын бұл жоба Осакаров ауданында жүзеге асырылады.
Құрылысты Қазақстан мен Қытай арасындағы үкіметаралық келісім аясында Самұрық-Энерго акционерлік қоғамы мен China Energy International Group компаниясы жүргізеді.
Болашақ нысанның іргетасына билік пен бизнес өкілдері уақыт капсуласын салды.
"Сарыөзек ауылы маңында 63 заманауи жел қондырғысын орнату жоспарланып отыр. Әрқайсысының биіктігі 120 метр, ал қалақтарының ұзындығы 80 метрді құрайды. Бұл Қазақстандағы осы үлгідегі ең ірі нысандар болмақ", - деп жазылған хабарламада.
Соңғы буындағы жел қондырғылары қолданылып, өндірістік үдерістерді басқару жасанды интеллект негізінде жүзеге асырылады.
Жоспар бойынша станция жылына шамамен 1,8 млрд кВт·сағ электр энергиясын өндіреді. Нысанды 2029 жылдың бірінші тоқсанында пайдалануға беру көзделіп отыр.
Жаңалықтар
0