https://sputnik.kz/20260430/putin-zhenis-kunine-oray-atysty-toqtatuga-dayyn-ekenin-khabarlady-63069119.html
Путин Трампқа Жеңіс күніне орай атысты тоқтатуға дайын екенін хабарлады
Путин Трампқа Жеңіс күніне орай атысты тоқтатуға дайын екенін хабарлады
Sputnik Қазақстан
Ресей мен АҚШ президенттері бір жарым сағаттан астам уақыт телефон арқылы сөйлесті 30.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-30T08:39+0500
2026-04-30T08:39+0500
2026-04-30T08:45+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07ea/04/01/62323297_0:323:3065:2047_1920x0_80_0_0_976dc6e60bfc045813e947be4ef30165.jpg
АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Жеңіс күніне орай атысты тоқтатуға дайын. Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, ол бұл туралы америкалық әріптесі Дональд Трампқа хабарлады.Оның айтуынша, Трамп бұл бастаманы белсенді түрде қолдаған.Сонымен қатар Путин Трампқа Ресей Қарулы Күштері бастаманы қолға алып, қарсыластың позицияларын шегіндіріп жатқанын хабарлады.Ушаковтың мәліметінше, Ресей президенті АҚШ көшбасшысына Киевтің террористік әдістерге жүгініп жатқанын да айтқан.Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты тоқтататын келісімге қол жеткізуге аз қалды деп санайды, деді Ушаков.
https://sputnik.kz/20260410/vladimir-putin-paskhaga-oray-uaqytsha-bitim-zhariyalady-62531402.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/04/01/62323297_0:0:2729:2047_1920x0_80_0_0_f6368e34408a804f789872b03fe2d810.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Путин Трампқа Жеңіс күніне орай атысты тоқтатуға дайын екенін хабарлады
08:39 30.04.2026 (жаңартылды: 08:45 30.04.2026) Ресей мен АҚШ президенттері бір жарым сағаттан астам уақыт телефон арқылы сөйлесті
АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Жеңіс күніне орай атысты тоқтатуға дайын. Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, ол бұл туралы америкалық әріптесі Дональд Трампқа хабарлады.
"Дональд Трамп Ресейдің жақында Пасха мерекесіне орай жарияланған бітімін құптады. Осыған байланысты Владимир Путин америкалық әріптесіне Жеңіс күнін тойлау кезінде де атысты тоқтатуға дайын екендігі туралы хабарлады", - деді ол.
Оның айтуынша, Трамп бұл бастаманы белсенді түрде қолдаған.
Сонымен қатар Путин Трампқа Ресей Қарулы Күштері бастаманы қолға алып, қарсыластың позицияларын шегіндіріп жатқанын хабарлады.
Ушаковтың мәліметінше, Ресей президенті АҚШ көшбасшысына Киевтің террористік әдістерге жүгініп жатқанын да айтқан.
"Ресей көшбасшысы Киевтің Ресей аумағындағы азаматтық нысандарға шабуыл жасай отырып, террористік әдістерге ашық түрде жүгініп жатқанын тікелей мәлімдеді", - деді Ушаков.
Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты тоқтататын келісімге қол жеткізуге аз қалды деп санайды, деді Ушаков.