https://sputnik.kz/20260430/densaulyq-saqtau-ministrligi-dari-darmek-bagasynyn-sharyqtaganyn-zhoqqa-shygardy-63106642.html
Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек бағасының шарықтағанын жоққа шығарды
Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек бағасының шарықтағанын жоққа шығарды
Sputnik Қазақстан
Ведомство кейбір дәрі-дәрмектердің бағасы керісінше төмендеп жатқанын мәлімдеді 30.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-30T20:00+0500
2026-04-30T20:00+0500
2026-04-30T20:00+0500
дәрі-дәрмек
баға
https://sputnik.kz/img/07e9/07/16/55827708_0:62:1059:658_1920x0_80_0_0_fdaf62be7fbb13f3a09c0df26aa796db.jpg
АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасының шарықтап өскені туралы кейбір БАҚ-та жарияланған ақпаратты растамайды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.Фармацевтикалық қызмет субъектілері дәрілік заттарды белгіленген шекті бағадан асырмай сатуға міндетті.Министрлік реттелетін сегментте дәрілік заттардың 50%-дан астамы тұрақты деңгейін сақтап отырғанын, ал препараттардың 25%-ында баға төмендегенін атап өтті.Сонымен қатар, 1707 рецептісіз берілетін препаратты мемлекет реттемейді және нарық қағидаттары бойынша сатылады. Олардың ішінде 2025 жылмен салыстырғанда бағасы 5%-дан 15%-ға дейін аздап өскен дәрілер бар, ал кейбір позициялар бойынша 11%-ға дейін төмендеу байқалады.Мысалы, 2025 жылы 20 таблеткадан тұратын парацетамолдың бағасы 200 теңге болса, 2026 жылы таңбалау ақпараттық жүйесінің деректері бойынша 188 теңгені құрап, 6%-ға төмендеген.Белсендірілген көмір 2025 жылы бөлшек саудада 130 теңгеден сатылса, 2026 жылы 144 теңгеге дейін өсіп, 9%-ға қымбаттаған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/16/55827708_50:0:1010:720_1920x0_80_0_0_a8602009f8c57dd73cca38f855ae40d2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дәрі-дәрмек, баға
Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек бағасының шарықтағанын жоққа шығарды
Ведомство кейбір дәрі-дәрмектердің бағасы керісінше төмендеп жатқанын мәлімдеді
АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасының шарықтап өскені туралы кейбір БАҚ-та жарияланған ақпаратты растамайды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
"Жекелеген дәрі атаулары бойынша бағаның 52%-дан 66%-ға дейін өскені туралы мәлімет те шындыққа жанаспайды", - деп жазылған хабарламада.
Фармацевтикалық қызмет субъектілері дәрілік заттарды белгіленген шекті бағадан асырмай сатуға міндетті.
"Елдің 20 өңірінде жүргізілген мониторингтің нәтижесі бойынша 2026 жылдың наурызында 2025 жылғы маусыммен салыстырғанда 631 атау бойынша баға керісінше орта есеппен 24,6%-ға төмендеген", - дейді мамандар.
Министрлік реттелетін сегментте дәрілік заттардың 50%-дан астамы тұрақты деңгейін сақтап отырғанын, ал препараттардың 25%-ында баға төмендегенін атап өтті.
Сонымен қатар, 1707 рецептісіз берілетін препаратты мемлекет реттемейді және нарық қағидаттары бойынша сатылады. Олардың ішінде 2025 жылмен салыстырғанда бағасы 5%-дан 15%-ға дейін аздап өскен дәрілер бар, ал кейбір позициялар бойынша 11%-ға дейін төмендеу байқалады.
Мысалы, 2025 жылы 20 таблеткадан тұратын парацетамолдың бағасы 200 теңге болса, 2026 жылы таңбалау ақпараттық жүйесінің деректері бойынша 188 теңгені құрап, 6%-ға төмендеген.
Белсендірілген көмір 2025 жылы бөлшек саудада 130 теңгеден сатылса, 2026 жылы 144 теңгеге дейін өсіп, 9%-ға қымбаттаған.