Тоқаев Чехия премьерін І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаТокаев наградил Бабиша орденом "Достык" I степени
Токаев наградил Бабиша орденом Достык I степени  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2026
Жазылу
Андрей Бабишке бұл мемлекеттік награда Чехия мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін табысталды
АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Чехия премьер-министрін І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады, деп хабарлады Ақорда.
"Сіз Қазақстанның сенімді досы әрі халықаралық деңгейдегі көрнекті мемлекет қайраткерісіз. Екіжақты қарым-қатынасты табысты дамытуға бағытталған сындарлы ұстанымыңызды жоғары бағалаймын. Сіз өзара ықпалдастықты ілгерілету жолында аянбай еңбек етіп келесіз, сол себепті байланыстарымыздың келешегіне сеніммен қараймыз", - деді Тоқаев.
Ол бұл мемлекеттік награда Бабишке елдер арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға зор үлес қосқаны үшін беріліп отырғанын атап өтті.
"Бұл жоғары марапат қазақ-чех берік достығының жарқын символына айналады. Серіктестігіміз болашақта да жанданып, нығая беретініне сенімдімін", – деп толықтырды президент.
Андрей Бабиш жоғары мемлекеттік наградамен марапаттағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді.
"Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың нәтижелі дамып келе жатқанына шынайы қуаныштымын. Саяси диалогымыз ашық әрі сындары сипатқа ие. Халықаралық аренадағы ықпалдастығымыз тұрақтылыққа, бейбітшілік пен серіктестікке бейіл екенімізді көрсетеді", – деді Чехия премьер-министрі.
Ол Чех Республикасы Қазақстанның әлемдік аренадағы сенімді әріптесі екенін мақтан тұтатынын атап өтті.
Тоқаев пен Бабиш кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2026
Чехия Қазақстан азаматтарына виза режимін жеңілдетуге ниетті – Андрей Бабиш
Жаңалықтар
0