https://sputnik.kz/20260429/shymkent-turgyny-uy-chatyndagy-daudan-keyin-korshilerinen-150-myn-tenge-ondirip-aldy-63065346.html
Шымкент тұрғыны үй чатындағы даудан кейін көршілерінен 150 мың теңге өндіріп алды
Шымкент тұрғыны үй чатындағы даудан кейін көршілерінен 150 мың теңге өндіріп алды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Шымкент тұрғыны көршілердің WhatsApp чатында өзіне және отбасына қатысты балағат сөздер жазылғанын байқап, сотқа жүгінді, деп... 29.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-29T22:14+0500
2026-04-29T22:14+0500
2026-04-29T22:14+0500
шымкент
көрші
дау-жанжал
https://sputnik.kz/img/201/47/2014705_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_a34bb4e963e9d3f2e64c9faccaec832f.jpg
АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Шымкент тұрғыны көршілердің WhatsApp чатында өзіне және отбасына қатысты балағат сөздер жазылғанын байқап, сотқа жүгінді, деп хабарлады қалалық сот.Шымкент қаласының ауданаралық азаматтық істер жөніндегі сотында қала тұрғынының көршілерінен моральдық зиянды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.Сот тараптарға дауды медиация тәртібімен реттеудің артықшылықтарын, яғни тараптардың әрқайсысының мүдделері ескерілетінін және өзара тиімді әрі ыңғайлы шешім болатынын түсіндірді.Нәтижесінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келді, оған сәйкес талап қоюшы өзінің талаптарынан бас тартты, ал жауапкерлер талапты мойындап, талап қоюшыға 150 000 теңгеден осы жылдың мамыр айының соңына дейін төлеуге міндеттенді.Сот ұйғарымымен дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Сонымен қатар, талап қоюшыға төленген мемлекеттік баж салығы қайтарылды.Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/201/47/2014705_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_fa281f9bdc19fd7475e4f75b10d525f1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, көрші, дау-жанжал
шымкент, көрші, дау-жанжал
Шымкент тұрғыны үй чатындағы даудан кейін көршілерінен 150 мың теңге өндіріп алды
АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Шымкент тұрғыны көршілердің WhatsApp чатында өзіне және отбасына қатысты балағат сөздер жазылғанын байқап, сотқа жүгінді, деп хабарлады қалалық сот.
Шымкент қаласының ауданаралық азаматтық істер жөніндегі сотында қала тұрғынының көршілерінен моральдық зиянды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.
"Талап қоюшы өзінің арызында жауапкерлер "WhatsApp" ортақ үй чатында өзіне және отбасына қатысты әдепсіз сөздер жазғанын көрсеткен", - деп жазылған хабарламада.
Сот тараптарға дауды медиация тәртібімен реттеудің артықшылықтарын, яғни тараптардың әрқайсысының мүдделері ескерілетінін және өзара тиімді әрі ыңғайлы шешім болатынын түсіндірді.
Нәтижесінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келді, оған сәйкес талап қоюшы өзінің талаптарынан бас тартты, ал жауапкерлер талапты мойындап, талап қоюшыға 150 000 теңгеден осы жылдың мамыр айының соңына дейін төлеуге міндеттенді.
Сот ұйғарымымен дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Сонымен қатар, талап қоюшыға төленген мемлекеттік баж салығы қайтарылды.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.